Ү
Үзір – ақталатын уәж, дәлелді себеп. Дінде бұйырылған бір
амалды орындамауға шарғи негізі бар себеп. Немесе шариғат міндеттерін
орындамауға рұқсат беретін себептер.
Үкім – бір нәрсеге қатысты шығарылған шешім, қаулы, жарғы.
Үлкен сәске (духа кубра) – күн дәл төбеге келуге бір сағат қалған
уақыт.
Үмбет (үммет) – қауым, жамағат, бір дінді ұстанатын ел.
Үр қыздары – Алла тағала жаннатта мүміндерге арнап жаратқан әйел
жынысты өте сұлу, пәкиза мақлұқтар.
Үтір намазы – құптан намазынан кейін оқылатын үш ракағатты уәжіп
намаз. Оны «үтір-уәжіп» деп те атайды. «Уитр» сөзі араб тілінде «тақ» деген
мағынаны білдіреді.