Ы
Ықылас – пенденің өз амалдарын тек жалғыз Алланың игілігіне
қол жеткізу және Оның марапатына лайық болу ниетімен орындауы.
Ынсап – шектен шықпау, әділдікті ұстану.
Ысырап – кез келген істі тиісті мөлшерінен артық
қажетсіз орындау, шашылып-төгілу; ынсапсыздық. Мысалы, қаржы-қаражатты шектен
тыс жұмсау. Ислам дінінде ысырап жасау жақсы іс емес. Алла тағала: «Жеңдер,
ішіңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Өйткені ол (Алла) ысырапшылдарды жақсы
көрмейді», – деген [«Ағраф» сүресі, 31-аят]