Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан

        Ислами терминдер

        Л

        Лағынет  – қарғыс. 

        Лағынет шақыру (лиған)  – ер мен әйелдің өзара лағы­нет шақыруы. Егер ері әйелін ойнастықта айыптап, оны дәлел­дей алмаса, ал әйелі оны жала жауып тұр деп айыптаса, олар «Нұр» сүресінің 6-9-аяттарында келген Алла тағаланың бұйры­ғына сәйкес бір-біріне лағынет шақыруы тиіс. Бұдан ке­йін ол екеуі біржолата ажырасады, бірақ әйелі күйеуіне мәһрді (қалыңмал) қайтаруға міндетті емес. Сонымен қатар ажырасқаннан кейін туылған перзентті күйеуі «менікі емес» деуге құқылы.

        Лақат (лахад, ләхд)  – қабір қазғанда, мәйтті жатқыза­тын қабірдің бүйірінен кәулеп жасалған орын.

        Лақит  – тастанды. Әке-шешесінің, тегінің кім екендігі белгісіз тастанды бала. Ислам шариғатында мұндай сәбилердің жауапкершілігі мемлекетке жүктеледі. Егер осындай тастанды баланың артында дүние-мүлік қалатын болса және оның ешқандай мұрагері болмаса, оның дүние-мүлкі мемлекеттің қазынасына өткізіледі.

        Лат  – мүшрік араб тайпалары сиынған әйел бейнесіндегі құдай.

        Лә иләһә иллАлла  – Алладан басқа ешбір құдай жоқ.

        Ләббәй  – мен құзырыңдамын, сені тыңдап тұрмын деген сөз.

        Ләйләту әл-жамғ  – қажылық маусымы кезіндегі зул-хижжа айының оныншы түні.

        Ләйләту әл-қадр (ләйләтул-қадр)  – қадір түні. Қара: қадір түні.

        Ләух Махфуз (Ләухул-Махфуз)  – Сақтаулы Тақта. Алла тағала бүкіл жаратылған нәрселердің тағдырын жазып қойған көктегі сақтаулы кітап.

        Лиған   – қара: лағынет шақыру. 

        Лизәм  – күнә үшін берілер жаза белгілі бір уақытқа дейін кешеуілдейтінін, олай болмаған жағдайда жаза сол заматта түсерін білдіреді. «Таһа» сүресінің 129-аятын қараңыз.

        Лимәс  – анықтап қарап және жақсылап тексермей, ұстап көріп қана сауда-саттық жасау.

        Луқата  – тауып алған зат. Шариғат заңы бойынша, егер тауып алған заттың егесі табылмаса, бір жылға дейін сақтау керек және осы аралықта өзінің бір затты тауып алғандығын жар­иялап жүруі тиіс. Содан кейін ғана тауып алған адамға оны жаратуына болады.