О
Ой-пікір мектебі
– Куфа қаласы мен Ирак өңірінде өмір сүрген ғалымдардың шарғи үкім шығарғанда
ұстанған принциптерінің негізінде қалыптасқан мектеп. Бұл мектеп өкілдері Құран
мен сүннетте келген үкімдердің астарына үңіліп, ол үкімдердің себеп-салдарын
терең зерттеп, соның негізінде өз ойларымен жаңа үкімдер шығаруды құп көретін
болған. Қара: хадис мектебі.
Ораза –
Алла ризалығы үшін ниет етіп, шынайы таң атқаннан (фәжр садиқ) күн батқанға
дейін тамақ ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан тыйылу. Ислам
шариғатында денсаулығы жарайтын адамға ай күнтізбесі бойынша жылына бір рет
рамазан айында ораза ұстау парыз. Бұдан өзге нәпіл оразалар көп. «Ораза» сөзі
араб тілінде «саум» немесе «сиям» деп аталады. Ол «бір нәрседен шектелу», «тыйылу»
деген мағыналарды береді.
Ораза айты –
рамазан айы аяқталған соң шәууәл айының бірінші күні тойланатын ислами мереке,
ауызашар айты (ид әл-фитр). Қара: айт намазы.
От
– тозақ оты, тозақ. Құран Кәрімде және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде тозақ
кейде «от» деп те аталады.