И
Ибдәл – орын ауыстыру. Қара: бәдәл ().
Ибн – ұл, бала. Мысалы: Абдуллаһ ибн Омар – Абдуллаһ
Омардың ұлы немесе Омарұлы Абдуллаһ.
Иғләм –хабарлау, хабардар ету. Хадис ілімінде қолданылатын
термин. Ол ұстаздың шәкіртіне: «саған риуаят етуге рұқсат бердім» немесе
«риуаят ет» деместен, «мына хадис немесе кітап менің пәленшеден естігендерім»,
деп айтуы.
Иғтибәр – муснәд, жәмиғ және әжзә (жуз) кітаптарында жалғыз
келген хадис деп есептелген хадистің бізге жеткен басқа жолдарын іздеу. Мысалы,
Ибн Хиббәннің мына сөзі: «Иғтибардың жолы дегеніміз мынандай; мысалы Хаммад
Айубтан, ол Ибн Сириннен, ол Әбу Һурайрадан ол Пайғамбарымыздан
(с.ғ.с) хадис риуаят етті делік. Сонда Хаммадтан басқа біреу бұл хадисті
Айубтан, ол Ибн Сириннен риуаят еткен бе? Егерде бар болса бұл хадистің негізі
бар дейміз. Болмаса Айубтан басқа біреу осы хадисті Ибн Сириннен ол Әбу Һурайрадан
риуаят еткен бе? Болмаса Ибн Сириннен басқа біреу Әбу Һурайрадан, болмаса Әбу
Һурайрадан басқа сахаба Пайғамбарымыздан осы хадисті риуаят еткен бе? Егер осы
аталғандардың бірі бар болса, онда бұл хадистің негізі бар деп есептеледі».
Идғам – Тәжуид ілімінің термині. Ол
....
Ихфә –
Ишмам –
Изһар
Иқләб
Әр-раум – Тәжуид ілімінің
термині. Ол ....
Иғтикаф – Аллаға құлшылық жасау ниетімен белгілі бір мезгілді
мешітте өткізу. «Иғтикаф» сөзі араб тілінде «бір жерде қалу», «тұрақтау»,
«тұру» деген мағыналарды береді. Иғтикаф кезінде табиғи қажеттілігін орындау
үшін, сондай-ақ мұсылманның жаназасына қатысу сияқты үзірлі жағдай болмаса
мешіттен шығуға болмайды. Ислам дінінде рамадан айының соңғы он күнінде
иғтикафқа кіру – сүннет амал болып табылады.
Идда – күйеуі қаза болған не ажырасқан әйелге сол аралықта
басқа еркекпен тұрмыс құруына рұқсат етілмейтін күту мерзімі. Бұл мерзім төрт
ай он күн.
Идтибағ – тауапты бастаған кезде ихрам киімінің бір шетін оң
қолтығының астынан өткізіп, оң иығын ашып, сол иығын жауып жүру.
Йемен бұрышы – Қағбаның қара тас орналасқан бұрышына дейінгі
бұрышы. Тауап жасаған кезде ол бұрышты қолмен ұстау сүннет.
Ижаб – бір істі нақтылау. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, келісім
шартқа отырғанда тауардың не құқық иесінің айтатын сөзі. Ханафи мазһабында
келісімшартқа отырған екі тараптың сөзді бірінші боп бастаған кісінің айтатын
сөзі. Қара: қабул.
Ижаза – рұқсат беру. Шәкірттің белгілі бір пән бойынша сол
пәнді не кітапты оқытуға ұстазынан сәнәдімен (тізбегімен) алған рұқсаты. Ислам
әлемінде білім үйренгенде ұстаздың алдынан өтіп, оның рұқсатын алу дәстүрі
қалыптасқан. Ижаза алу үшін әр ғылымда әртүрлі шарттар қойылады. Мысалы,
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Құран Кәрімді сахабаларына үйретіп, олар дұрыс
оқуды үйренгеннен кейін Құранды басқаларға үйретуге рұқсатын берген. Сахабалар
шәкірттеріне, олар өздерінің шәкірттеріне үйрету арқылы біздің заманымызға
дейін жеткен. Ал хадис ілімінде ижаза «ауызша немесе жазбаша риуаят етуге
рұқсат беру» деген мағынада қолданылады. Яғни ұстаздың шәкіртіне өзінен естіген
және естімеген немесе оқып берген хадистерін риуаят етуге рұқсат беруі. Хадис
ілімінде ижазаның бірнеше түрі бар:
1) Белгілі адамға белгілі нәрсені
риуаят етуге рұқсат беру. Мысалы: «Менен «Сахих әл-Бұхариді» риуаят етуге саған
рұқсат беремін» деу. Бұл ижазаның ішіндегі ең дәрежесі жоғарғысы. Бізге осылай
жеткен хадисті риуаят етуге, онымен амал жасауға болады және оған ешкім қарсы
шықпаған.
2) Белгілі адамға белгісіз нәрсені
риуаят етуге рұқсат беру. Мысалы: «Менен естіген хадистерді риуаят етуге рұқсат
беремін» деу.
3) Белгісіз адамға белгілі нәрсені
риуаят етуге рұқсат беру. Мысалы: «Мені көргендердің барлығына «Сахих Муслимді»
риуаят етуге рұқсат беремін» деу.
4) Белгісіз адамға белгісіз нәрсені
риуаят етуге рұқсат беру. Мысалы: «Менімен замандас болғандардың барлықтарына
менен естіген хадистерін риуаят етуге рұқсат беремін» деу.
5) Бар адамға ілестіре жоқ адамға
рұқсат беру. Мысалы: пәленшеге және одан кейін туылатынға мынаны риуаят етуге
рұқсат беремін. Осы аталған соңғы төрт ижаза түрлерін риуаят етуде пікірталас
бар.
6) Рұқсат берушінің өзі естімеген
хадистерді риуаят етуге рұқсат беруі немесе алдын-ала рұқсат алушы естімей
жатып оған рұқсат беру. Ижазаның бұл түрін риуаят ету қабыл етілмейді және ол
дұрыс емес.
7) Өзіне риуаят етуге рұқсат етілген
хадистерді риуаят етуге рұқсат беру. Ижазаның бұл түрімен амал жасауға болады.
Ижмағ – бір ғасырда өмір сүрген барлық ғалымдардың бір
мәселеге қатысты бір ауыздан келіскен үкімдері. Яғни ижмағ болу үшін бір
ғасырда өмір сүрген барлық ғұламалар арасында пікір қайшылығы болмауы қажет.
Сонымен қатар ижмағ «Құран мен хадисте келген үкімнің мәні осы, басқаша
түсінуге болмайды» дегенді де білдіреді. Ижмағ шариғатта Құран мен сүннеттен
кейінгі үшінші дәлел ретінде жүреді.
Ижтиһад – белгілі бір мәселенің үкімін білу үшін Құран мен
сүннеттен және басқа да шарғи дәлелдерден аталған мәселеге қатысты дәлелді табу
жолында іздену, зерттеу жүргізу.
Изар – белден төменгі киетін киім аты. Қажылық кезінде
киетін екі ақ матаның белден төменгі бөлігі. Сонымен қатар, қайтыс болған
адамның белінен төменгі жағын орауға арналған матаның да атауы.
Икрам – сыйлау, құрметтеу.
Иқала – жасалған келісім шартты бұзуға екі тараптың бірінің
өтініш білдіруі. Егер келісімді бұзуға өтініш білдірген тараптың өтінішін
екінші тарап қабыл алса, шариғатта иқала жасауға рұқсат етіледі.
Иқама (иқамат, қамат) – намаздың басталғаны туралы
азанның сөздері секілді сөздермен хабарлау.
Илә – ер адамның белігілі бір мерзім ішінде әйелімен төсек
қатынасына түспеймін деп ант беруі.
Илия – Иерусалимнің көне атауы. Арабтар оны «Бәйт әл-Мақдис»
немесе «әл-Қудс» деп атайды.
Илм әл-хадис – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) хадистерін
зерттейтін діни ғылым саласы.
Әл-Илла әл-қадиха – сыртқы көзге байқалмайтын, хадистің сахихтығына
кесірін тигізетін, жасырын тұратын себеп. Ол араб тілінде «бетіне басатын,
ұялтатын кемшілік», «олқылық», «сөгу», «масқара қылу», «даттау» деген
мағыналарды береді. Мұндай себеп хадистің сәнәдінде де, мәтінінде де болуы
мүмкін.
Илһам – аян. Алла тағаланың әулие, тақуа құлдарына беретін
аяны.
Имам І – Ислам әлеміндегі барлық мұсылмандар
мойындаған, өзінің мектебін қалыптастырған, көптеген шәкірттер дайындаған
атақты, үлкен ғалым.
Имам ІІ – басшы, намаз оқығанда басқа адамдарға
басшы болатын адам, мешіттің имамы: мешіттің басшысы.
Имам – ханафи мазһабының кітаптарында
имам деп Әбу Ханифаны атайды.
Имам-хатиб – мешітте уағыз-құтпа жасайтын дін қызметкері.
Иман – діни сенім, наным. Бұл сөз термин ретінде Алла және
Оның елшісі (с.ғ.с) деген сенімін тілімен айту, жүрегімен бекіту.
Иман келтіру – сену, нану. Сонымен қатар бұл сөз Ислам дінін
қабылдады деген мағынаны да береді.
Имәлә – тәжуид ғылымында қолданылатын
термин. Ол ....
Имсәк – тыйылу, тартыну. Ораза тұтқанда таң атқаннан күн
батқанға дейін оразаны бұзатын амалдардан тыйылу «имсәк» деп аталады.
Инкисар әс-сиһәм – үлестің сынуы. Мұрадан үлесі бар бір топтың немесе
бірнеше топтың үлестерінің өзара дұрыс бөлінбеуі. Қара: тасхих.
Иржа – «Иржа» сөзі араб тілінде «кешіктіру» және «үміт беру» деген
екі мағынада қолданылады. Ақида ілімінде бұл термин «шынайы иманы бар адамға
үлкен күнәсі зиян тигізбейді» деген пікірді қолдайтын муржи ағымына қатысты
қолданылады. Қара: муржи.
Ирһас – негіз, бастама, нышан. Ирһас шарғи термин ретінде
«пайғамбарлықтың алғашқы белгілері мен нышандары» деген мағынада қолданылады.
Ислам – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбарға
(с.ғ.с) түсірген барша адамзатқа соңғы дін ретінде таңдаған діні.
Иснад – хадисті риуаят етушілердің (жеткізушілердің) жүйелі
тізбегі. Қара: сәнәд.
Әл-Иснад әл-али – жоғарғы иснад. Хадис ілімінде рауилер санының аз
болуы «иснад әл-али» деп аталады. Жоғары иснадтың екі түрі бар: шексіз
жоғары: хадистің сәнәді көп адам риуаят еткен хадиске қарағанда Пайғамбарға
(с.ғ.с) дейінгі хадистің сәнәдінде өте аз адамдар бар иснад. Бұған қарама-қарсы
шексіз төмен иснад қолданылады. қатысты жоғары: хадистің сәнәді хадис
имамдарының біріне жетіп тоқтаған иснад. Мысалы: Имам әл-Бұхариге немесе
Муслимге дейін басқа сәнәдінде көп адамдар бар хабарға қарағанда сәнәдінде аз
адамдар бар хабар.
Әл-Иснад ән-нәзил – төменгі иснад. Хадис ілімінде сәнәдінде адамдар саны
тура сол хадистің басқа сәнәдіндегі адамдар санынан көп болған иснад «әл-иснад
ән-нәзил» деп аталады.
Исра – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбарды
(с.ғ.с) пырақпен (бурақ) Меккеден Қудусқа бір түнде алып баруы. Бұл жайлы
«Исра» сүресінің 1-аятында және «Нәжм» сүресінің 12-17-аяттарында баян етілген.
Бұл оқиға пайғамбарлықтың 11-жылы, яғни һижрадан бір жарым жыл бұрын шамасында
болған. «Исра» сөзі араб тілінде түнде жол жүру деген мағынаны береді.
Исраил ұрпақтары, исраилдіктер – яһудилер.
Истибра – іш дәрет алғанда нәжіс шыққан жерді, әсіресе зәр
шыққаннан кейін мұқият тазалау. Үрпі бойындағы несеп жолын сығып тастау.
Истижмар – дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің
орнын судан басқа шариғат рұқсат берген тас, кесек секілді затпен тазалау.
Истиқама – туралық. Аллаға иман келтіруден ауытқымай, шариғатта
тыйым салынған істерден аулақ болып, Одан басқаға құлшылық жасамай, тек Жалғыз
Аллаға бойсұнуда табандылық таныту.
Истимнә – онанизм, ер адамның жыныстық қатынасқа түспей шәуетін
шығаруы.
Истинбат – Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың
(с.ғ.с) хадистеріне және басқа да шариғат үкімдері мен заңдарына
негізделген тұжырым. Немесе діни мәтіндерден үкім шығару жолы.
Истинжә – дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің
орнын сумен не шариғат рұқсат берген затпен тазалау. Шариғатта истинжә құралы
ретінде су, тас, кесек немесе әжетхана қағазы сияқты нәжісті өзіне сіңіріп
алатын кез келген затты қолдануға болады. Тек сүйек пен малдың тезегін
пайдалануға тыйым салынған.
Истинзәһ – дәрет сындырғанда киімді, денені нәжістен, әсіресе
зәрдің шашырауынан сақтау.
Истиншақ – оң қолмен мұрынға су алып барып, оны деммен ішке
тартып, сосын сол қолмен сіңбіріп тастау.
Истисқа – қуаңшылық кезде Алладан жаңбыр жаудыруды тілеп
жамағатпен оқитын екі ракағатты намаз. Ол қазақ тілінде «тасаттық» деп те
аталады.
Истихада (истихаза) – нифас және хайыздан басқа уақытта,
әйелдерге келетін қан. Оны «бұзылған қан» деп те атайды. «Истихада» сөзі араб
тілінде «ағудың жалғасуы немесе үзілмеуі» деген мағына береді. Шариғатта: әйел
адамдарда етеккір және нифас кезінен басқа уақыттарда қан келу, яғни қанның
мезгілсіз келуі. Ол, көбінесе, әлде бір сырқат себебінен болады және ол
құрсақтан емес, тамырдан ағады.
Истихара – істің жақсылығын, игілігін сұрау. «Истихара» сөзі
араб тілінде жақсылықты сұрау, жеңілдетуді талап ету деген мағынаны береді.
Истихара намазы – Алладан екі істің қайырлысын сұрап, сәлем бергеннен
кейін истихара дұғасын оқитын екі ракағатты нәпіл намаз. Истихара намазы адам
харам емес бір істі бастар алдында сол істің жақсылығын сұрап немесе екі істің
бірін таңдай алмай тұрған кезде Алладан жақсылық, игілік сұрап оқитын намаз.
Истихләф – намазда имам болып тұрған адамға бір еркінен тыс
жағдай болғанда, орнына имамдыққа басқа біреуді өткізу. «Истихләф» сөзі араб
тілінде «ізбасарды талап ету» деген мағына береді.
Истихсан – Араб тілінде «истихсан» бір нәрсені жақсы деп
есептеу деген мағынаны береді. Ал шариғатта мужтаһид ғалымның бір мәселеде арнайы
(жеке) дәлелге сүйене отырып, соған ұқсас мәселелерге берген үкімінен басқа
үкім шығаруы. Негізі ғұламалар «Алла сендерге жеңілдік қалайды және сендерге
ауырлық қаламайды» («Бақара» сүресі, 185-аят) деген аятқа
сүйеніп, кейде мұсылмандарға ауыр тиетін болса, көзге анық көрініп тұрған
қиястың орнына жасырын тұрған, байқала бермейтін дәлелге сүйеніп, истихсанмен
амал жасайтын болған. Мысалы, жыртқыш құстардың қалдық суы қияс бойынша жыртқыш
аңдардың қалдық суларының үкімі тәрізді болуы керек. Өйткені жыртқыш аңдардың
және құстардың етін жеуге болмайды. Ал жыртқыш аңдардың қалдық суы таза емес.
Егер жыртқыш құсты осы негізде жыртқыш аңға теңесек, онда жыртқыш құстың қалдық
суы да таза болмауы тиіс. Бірақ құстың аңнан айырмашылығы аңның суды
сілекейімен былғайтындығын, ал құстың тек тұмсығын салып, сілекейімен суды
былғамайтындығын ескеріп (арнайы немесе жеке дәлел деген осы), жыртқыш құстың
қалдық суы нәжіс емес, бірақ күмәнді болғандықтан макруһ деген.
Итағат – бойсұну, шариғат заңдарына бағыну.
Итминан – намаз оқыған кезде әр қимылды асықпай, байыппен
толық орындау.
Ифада тауабы – қажылықтың парыз тауабы. Ол «зиярат тауабы» немесе
«парыз тауабы» деп те аталады. Бұл қажылық кезінде міндетті түрде орындалуы
керек амал. Өйткені ол – қажылықтың парызы. Ифада тауабының уақыты құрбан айт
күнінің таңы атқаннан басталып, өмірінің соңына дейін жалғасады. Бірақ оны айт
күндері өтеу – уәжіп.
Ифрад – қажылықты өтеудің бір түрі. Қажылықтың бұл түрінде
умра жасамастан бірден қажылық жасау үшін ихрам халіне өтеді. Қажылықтың бұл
түрін өтеген адамға құрбандық шалу міндет емес.
Ифтар – ауыз ашар. Ораза ұстаған адамның күн батқаннан кейін
тамақтануы.
Ифтираш – намазда оң аяғын тік ұстап, бармақтарын құбылаға
қаратып, сол аяғын төсеп, соның үстіне отыру. Бұлай отыру фиқһ ғылымында
«ифтираш» деп аталады.
Ихрам – шектеулер немесе тыйымдар аймағына кіру. Яғни басқа
уақытта рұқсат етілген амалдардан белгілі ғибадатты өтеу барысында тыйылу.
Мысалы, кімде-кім намазға тәкбиратул-ихрам (алғашқы тәкбір) айтып кірсе, оған
ішіп-жеу, сөйлеу, күлу секілді намаздан тысқары уақытта рұқсат етілетін істерге
тыйым салынады. Сол секілді, кімде-кім қажылық ғибадатына ихрам етіп, тәлбия
айтып кірсе, оған әйелімен жақындасу, тігілген киім кию, аң аулау сияқты
қажылық кезінде тыйым салынған амалдарды істеуге болмайды.
Ихрам киімі – қажылық не умра өтеуші ер адам
оранатын арнайы киімнің атауы. Ол – тігілмеген ақ матадан тұратын үлкен сүлгі
секілді екі ақ мата. Оның бірімен кіндіктен төменгі дене мүшесі оралады, ол
«изар» деп аталады. Ал екіншісімен кіндіктен жоғарғы дене мүшесі жабылады, ол
«рида» деп аталады. Әйел адамдар ихрам киімін кимейді. Олар ихрам хәліне
өздерінің күнделікті киімімен өтеді.
Ихрам кию – ихрам киімін кию.
Ихрамға кіру – қажылық өтеушінің қажылық, умра не оның екеуін де орындауды
ниет еткенін жариялап, ихрам киімін киюі және сонымен қатар белгілі бір
тыйымдар мен шектеулерге байланысты жағдайға енуі.
Ихсан – жақсылық жасау. «Ихсан» сөзі араб тілінде істі жақсы
орындау, игілік істеу, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Шариғатта адамның діни
парызын орындауда адалдық танытуы және рия атаулыға жол бермеуі, өзін Алланың
көріп тұрғанын сезіне орындауы «ихсан» деп аталады.
Ихсар – шектеу, қалағанына жетуге кедергі келтіру. Шариғатта
қажылық немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылығын немесе умрасын
аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүрлеген жағдай «ихсар» деп аталады. Мысалы,
жау, ауруға шалдығу, шекарадан өткізбей қою және т.б. осындай халге душар
болған адамды «мухсар» деп атайды.
Ихтиләм – ұйықтап жатқан кезде мәнидің бөлінуі.
Ишан – халық арасында діни сауат ашу, ғибадатты үйрету қызметін
атқаратын діни сауатты адам.
Ишара – ым-белгі, тұспал.
ЙархамукАлла – түшкіріп, «әлхамду лилләһ» деп айтқан адамға
айтылатын «Алла саған рақым етсін!» деген дұғалық сөз.