І
Ібіліс – Алла тағала адамды жаратып, барлық періштелерге оған
сәжде етуге бұйырғанда, Оның әмірін тәкаппарланып, орындаудан бас тартқан және
сол себепті Алланың рақымшылдығынан қуылған жын. Ол шайтандардың ең үлкені.
Ізгі – арабшасы «салих». Бұл сөз термин ретінде шәһидтерден
кейінгі дәрежені иемденетін ізгі жандарға қатысты қолданылады.
Ізін – рұқсат, кеңшілік.
Інжіл – Алланың Иса пайғамбарға (аләйһис-сәләм) түсірген
кітабы.
Іріткі – фитна, адамдар арасына алауыздық салу, мұсылмандарды
бір-бірімен шағыстыру. Адамдардың арасында іріткі салу шариғат тыйым салған
күнәлі іс деп есептеледі.