Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан

        Ислами терминдер

         Я

        Яжуж-Мәжуж  – қияметтің алдында шығып, жер бетін қанға бөгіп, қырғын салатын жаратылыс иесі. Кейбір ғалымдар оларды адамдарға ұқсас десе, кейбір ғалымдар оларды адам ұрпағынан болады деп есептейді. «Әнбия» сүресінің 96-аяты мен «Кәһф» сүресінің 94-98-аяттарын қараңыз.

        Яләмләм  – Йемен жақтан келе жатқандарға қажылық рәсімдерін бастайтын жер. Қара: миқат.

        Ясриб  – Мәдина шаһарының Исламнан бұрынғы атауы. Мұхаммед пайғамбар Ясирбке көшкеннен кейін ол қала «Мұхаммед пайғамбардың қаласы» аталып кеткен.

        Яуму әт-тәруия  – тәруия күні. Бұл зул-хижжа айының сегізінші күні. Бұл күні қажылыққа барғандар ихрам киімін киіп, ихрам халіне өтіп, Минаға барып түнейді.

        Яһуди  – иудей дінін ұстанушылар.