1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген
Білімі:
1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.
1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған.
2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.
2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған.
2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда.
Еңбек жолы:
1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған.
2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.
2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы.
2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы.
2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.
2020 жылдың 7 ақпанында елордасы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти болып сайланды.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
2002-2005 жылдары Наурызбай Тағанұлының тікелей жетекшілігімен ШҚО, Аягөз қаласында орталық және «Жаңауыл» мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған.
2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан.
Қарағанды облысында «Сұлу әлем», «Нұрлы мінбер», «Жұлдызды гол» атты жобаларды іске асырған.
Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен «Үміт сәулесі», «Мазһабсызбен сұхбат» атты кітаптардың авторы.
Марапаттары:
«Құрмет» орденінің иегері
Аягөз ауданының құрметті азаматы
Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалінің және Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалінің иегері
Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Жеке өмірі:
Отбасылы. 4 баланың әкесі.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Орта мектепті және Қазақ ауыл шаруашылық институтын Алматы қаласында тәмамдаған.
Шейх Алсабеков Мухаммад Хусайн 1970-1980 аралығында сол кездердегі Орта Азиядағы көрнекті ислам ғалымдарынан дәріс алған. Сонымен қатар ол діни білімін жетілдіру мақсатында Сирия және Пәкістан мемлекеттерінде халықаралық ислам университеттерінен шариғат және араб тілі факультетін бітірген.
Еңбек жолы:
1985 жылы 25 жасында Алматы қаласы орталық мешітіне Бас имам болып қызмет еткен.
1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғалы бері М.Х. Алсабеков Қазақ Ислам университетінің тұңғыш ректоры, ҚМДБ төралқасының мүшесі, сондай-ақ 1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің, «Алматы-Хельсинки-Париж» атты Арал теңізін құтқару халықаралық комитетінің және адам құқығын қорғау комитеттерінің мүшесі. Еліміздің мұсылмандары атынан Ресей, Кауказ, Орта Азия, Сирия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кипр, Ливан, Түркия, Иран, Пәкістан және т.б мемлекеттерде дипломатиялық миссияларда болып қайтты.
Шейх М.Х. Алсабеков ҚМДБ-н алғаш құрған қайраткерлердің бірі. Ол көптеген орта және жоғары діни білім оқу орындарына арналған діни оқу-әдістемелік құралдарының және көптеген діни кітаптардың авторы.
1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған.
1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданып, осы оқу орнын 2006 бітірген.
2006-2008 жылдар аралығында Мысыр елі мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды.
Еңбек жолы:
2008 жылы Семей қалалық Доланбай ата мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
2011 жылы 10 қазанда Ержан Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызметіне бекітілді. Өкіл имам қызметін 2013 жылға дейін абыроймен атқарды.
2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайланды.
2018 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректорының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, екі ұл, үш қызы бар.
1975 жылы 12-сәуірде дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған.
1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.
1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген.
2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің "Менеджмент" мамандығы бойынша магистратурасын бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2014-2016 жылдары "Нұр Мүбəрак" университетінің Исламтану мамандығы бойынша магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
Алматы мешітінің наиб имамы;
Ислам институтының ұстазы;
Ислам институтының ректоры;
Астана қаласы Ақмола облысының өкіл имамы;
ҚМДБ-төрағасының орынбасары, наиб мүфти;
Алматы әкімшілігінің діни бөлімінің сектор меңгерушісі;
ОҚО. Сарыағаш ауданының Бас имамы;
Мемлекеттік қызмет агенттігінің аға қызметкері;
Астана қаласы Әділет департаменті діни істер бөлімінің бас маманы;
ҚР Президенті іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. Қажылыққа барған.
2011-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы қызметін атқарды.
2013 жылы наиб мүфти болып тағайындалды.
2013 жылдың қазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы және наиб мүфти болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти лауазымына сайланды.
Жанұялы 7 баласы бар.
1962 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды бөлімшесінде дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1970 - 1980 жылдары орта мектепте оқыған.
1980 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетіне түсті. 1985 жылы аталған университеттің филология факультетін араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
Еңбек жолы:
1985 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы орталық мұражайында,
1987 - 1992 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.
1992 - 1994 жылдар аралығында Өзбекстандағы Ғ.Ғұлам атындағы Сырдария мемлекеттік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 - 2001 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шығыс филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі болып еңбек етті.
1991 жылы «Әнші-ақындар поэзиясындағы дәстүр мен даралық мәселесі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы» деген тақырыпта кандидаттық, 2000 жылы «Қазақ фольклорындағы жұмбақ жанры» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
2001 жылы 4-сәуірде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам университетіне ректор, сол жылдың 8-шілдесінде екі ел үкіметінің келісімімен дүниеге келген Египет ислам мәдениеті университетіне проректор болып тағайындалды.
2009 жылдың 30 қазанында Әдебиеттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Ғалым фольклортану, араб филологиясы, исламтану салалары бойынша қалам тартып келеді:
Кітаптары:
Қазақ жұмбағы, 2007 ж.
Араб елдері, 2008 ж.
Араб баспасөзінің тілі, 2008 ж.
Діни білім – дін діңгегі,2012
Cығанақ саңлағы, 2012
PhD докторы, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры
1972 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келді.
Ph.D, магистр ғылыми дәрежелері бар.
Білімі мен біліктілігі:
1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Дінтанушы», араб тілінің мұғалімі, философия бакалаврі мамандықтары бойынша аяқтап шыққан.
1997 жылы «Көне түркі халықтарының Тәңір түсінігі және Құрандағы Алланың сипаттамасы» тақырыбы бойынша магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алды.
2002 жылы Анкара университетінің гуманитарлық ғылымдар институтынан «Теология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды.
Еңбек жолы:
2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2005 жылдан «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушылықпен айналысты.
2006 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында әуелі бас маман, соңынан дін істері бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. «Нұр Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі.
2017 жылдың желтоқсанынан бастап ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти қызметін атқарды.
Қазіргі таңда ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, Наиб мүфти қызметтерін атқаруда.
05.05.1970 жылы дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1991-1995 Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті. Шығыстану факультеті. Мамандығы – Философия және араб тілі
1997-1999 Магистратура – Стамбул университеті
2000- 2002 Доктора – Анкара университетінің Теология
факультеті (Тәпсір)
Еңбек жолы:
1995-1996 Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, оқытушы
2001-2006 Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Оқытушы
2006-2007 Әділет министрлігі. Діни комитеті, бөлім бастығы
2007-2014 Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, ректор кеңесшісі
Отбасылық жағдайы: үйленген.
1976 жылы тамыз айының 24 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданыда дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1992 жылы мектеп бітірген соң Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт негізінде Түркияға жоғары білім алу үшін барған.
1992-1993 жылы Бурса қаласындағы түрік тілін үйрету орталығында тіл үйренген.
1993 жылы Бурса қаласындағы Улудаг университетіннің Илаһият (теология) факультетіне түсіп, 1998 жылы «Теолог» мамандығы бойынша бітірген.
1998-2003 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Халықаралық Қазақ-Араб университетінде оқытушы болып қызмет атқарған. Университет қабырғасында қызмет етіп жүріп «Ислам тарихы (әмәуилер мен аббасидтер кезеңі)» 2002, «Ислам әдебі» 2003, атты кітап жазған.
2003-2005 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын қызыл дипломмен бітірген.
2005-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын тамамдаған.
2010 жылдың 30 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Исламдағы сунна ілімінің мәдени, тарихи орны» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
Еңбек жолы:
2004-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Тастақ мешітінде найб имам болып қызмет еткен.
2005-2011 жылдар аралығында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, Орал облыстық орталық мешітінің бас имамдық қызметін атқарған.
2008-2011 жылдар аралығында «Орал медресесінің» директоры қызметін қоса атқарған.
2011-2013 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2013 жылдың 27-ші желтоқсан күнінен бастап ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығымен ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды.
Отбасылы 5 ұлдың әкесі.
Білімі мен біліктілігі:
1995-2000 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша оқыды.
1996-1997 жылдары Түркия Республикасы, Стамбұл қаласында «Йассауи» атындағы Құран курсында білімін жетілдіріп қайтты.
2003-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін араб тілі, филология мамандығы бойынша магистр біліктілігі мен академиялық дәрежесін толық аяқтады.
2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдіріп қайтты.
2010-2013 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «филология» факультетінің докторантурасында оқып, РhD докторы ғылыми атағын алды.
Еңбек жолы:
2000-2003 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі
Отырар атындағы университет) университетінің «Араб тілі және дінтану»
факультетінде практикалық қазақ тілі пәні мен араб тілінің морфологиясы бойынша
оқытушылық қызмет атқарды.
2005-2006 жылдары осы университетте араб тілі пәні бойынша оқытушылық қызмет атқарды.
2006-2011 жылдар аралығында рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет Самалы» журналында бас редактор және «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры қызметін атқарды.
2012 жылдың мамыр айынан бастап ҚМДБ-ның бұйрығымен Алматы қаласы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам және Алматы облысы Шамалған медресесіне қарасты Талғар ауданы «Мұрат Төреқұл» атындағы қарилар дайындайтын дайындық бөлімінде директор болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін 6 жыл бойы Бас мүфтидің ҚМДБ-атырау облысы бойынша өкілі және Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы қызметін абыроймен атқарды.
Бірнеше мемлекеттік және ұйымдық марапаттар мен алғыс хаттарға ие. Діни төрт кітаптың авторы. Жүзге тарта діни-рухани мақалары жарыққа шыққан.
Батыржан Берденұлы Мансұров сонымен қатар ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі болып саналады.
Отбасылы, 4 баланың әкесі.
Заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.
1981 жылғы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан елді-мекенінде дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1998
жылы ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Е.Ерназаров атындағы орта
мектепті тәмәмдаған.
1998-2000 жылдары ОҚО, Шымкент қаласындағы “Даруль
арқам” Құран кәрімді жаттау орталығын, 2000-2001 жылдары Шымкент қаласындағы
“Нәзір Төреқұлов” атындағы орталықтан араб тілі курсын бітірген.
2001-2006 жылдары Ливан мемлекетіндегі Триполи
универсиетінің шариғат және ислам ғылымдары факультетін аяқтаған.
Мамандығы-теолог-исламтанушы.
Еңбек жолы:
2007-2008
жылдары ОҚО, Шымкент қаласындағы “Абдулхамит Қаттани” орталық мешітінде
ұстаздық қызметін атқарған;
2009-2011 жылдары Шымкент қаласындағы
«Сейткәрім қажы» мешітінің бас имамы, “Даруль арқам Құран кәрім үйрену”
орталығының ұстазы;
2011-2013 жылдарда Алматы қалалық орталық
мешітінің найб имамы;
2013 жылғы сәуір айынан бастап Атырау облысындағы
«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның
директоры.
Саладағы ғылыми еңбектері:
1) «Фиқһ» мәселелері ( аудио жазба, 18 сағат);
2) «Тахауия ақидасы» (аудио жазба, 27 сағат);
3) «Нәпсіні тәрбиелеу» мәселесі (аудио жазба, 50 сағат);
4) Өзге де аудио-видео сабақтарының авторы.
Білімі мен біліктілігі:
1994 – Сарыағаш аударына қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепті бітірген.
1995 - жылы ҚМДБ қарасты Мерке медересін бітірген.
1995-2002 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб (қазіргі Отырар атындағы университет) университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша білім алған.
1996-1997 жылдар аралығында Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында «Қожа Ахмед Йассауи» атындағы Құран оқуды үйрететін курста діни сауаттылығын арттырумен қатар түрік тілін меңгерген.
1999-2001 жылдары Либия Араб Жамаһириясындағы «Куллиятуд-дағуа әл-Исләмия» университетіне қарасты екі жылдық «Маъһадул-луғатил арабия» атты араб тілін дамыту институтында оқған.
2002-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіне магистратуға оқуға қабылданып, шығыстану магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иеленген.
2006 жылы Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында араб тілі бойынша тіл дамыту курсында білімін жетілдірген.
2009-2012 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде докторантурада оқып, 2013 жылдың мамыр айынан бастап 6D020900- Шығыстану мамандығы бойынша философия ғылымдарының (PhD) докторы ғылыми атағын алған.
Еңбек жолы:
2002-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Экономика және Консалтинг университетінде араб тілі пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2003 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
2005-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде «Әлемдік мәдениет және өркениет» кафедрасында араб тілі пәнінің оқытушысы болып қызмет еткен.
2007-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің арабтану кафедрасында аға оқытушысы болып еңбек еткен.
2012-2015 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Орталық мемлекеттік архивте білікті маман болып жұмыс жасаған.
2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде жұмыс жасаған.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.
Марапаттары:
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, 2 қыздың әкесі.
1978 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекенінде дүниеге келген.
Мамандығы: филолог, исламтанушы.
Ғылыми атағы: филология ғылымдарының кандидаты.
Қазақ (ана тіл), араб (еркін), орыс (жақсы), ағылшын (Pre-Intermediate) тілдерін меңгерген.
Білімі:
- 1995 жылғы ОҚО, Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Ж.Жабаев атындағы орта мектептің үздік түлегі;
- 1995-1997 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде араб тілі және әдебиеті бөлімінің студенті;
- 1997-2002 жылдары Ливиядағы «Исламға шақыру» университетінде тәлім алып, араб тілі және исламтану мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған;
- 2002-2004 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде магистратурада тәлім алып, филология мамандығының магистрі дипломын алған;
- 2004-2005 жылдары Ливиядағы «Исламға шақыру» университетінде исламтану мамандығының магистранты;
- 2006-2009 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің ізденушісі;
- 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғаған. Тақырыбы: «Диуан луғат әт-турк» және араб лексикографиясы: тарихи негіздері мен теориялық принциптері».
Еңбек жолы:
- 2002-2005 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушылық қызмет атқарған.
- 2007-2009 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де араб тілінен аудармашы, және діни сарапшы редактор қызметін атқарған.
- 2009-2010 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де оқытушылық қызметті қоса атқарған.
- 2009-2010 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істер комитетінде діни әдебиеттерге тәуелсіз сарапшы болған.
- 2010-2011 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де бас редактор қызметін атқарған.
- 2011-2012 жылдар аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де аға оқытушылық қызмет атқарған.
- 2013 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың ақпан айларының аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығының мұрағатшысы қызметін атқарды.
- 2013 жылдан бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің доценті.
- 2017 жылдың 2 қыркүйегінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а.
- 2017 жылдың 19 желтоқсанынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі.
- 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доцент м.а.
- 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының доценті м.а.
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫ:
1) Жаназа рәсімдері (2006 ж);
2) Қажылық анықтамалығы (2007 ж. аударма);
3) Умра анықтамалығы (2007 ж. аударма);
4) Намаз әліппесі (2009 ж);
5) Фиқһ әл-ғибадат (2010 ж);
6) «Диуан луғат әт-турк» – түркітану темірқазығы» (монография, 2011 ж);
5) Діни терминдер сөздігі (2012 ж);
8) Құран ілімдеріне кіріспе (2013 ж);
9) Арабша-қазақша сөздікті (50 000 сөз) құрастырушыларының бірі және жауапты шығарушы болды (2016 ж).
10) Дінтану энциклопедиялық сөздік (2018 ж. ұжымдық жұмыс).
11) Қазақ тіліндегі ислам діні сөздерінің қолданылу тарихы (2018 ж).
12) Теолингвистикалық сөздік (2020 ж. ұжымдық жұмыс).
ҚОСЫМША ТӘЖІРИБЕЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ:
Бірнеше араб мемлекеттерінде болып, біліктілігін жетілдірген;
- халықаралық кездесулер мен конференцияларда ресми аудармашы болған;
- нотариалды кеңселерде жазбаша аудармашылық қызмет атқарады;
- 2007-2010 kausar-sayahat.kz сайтын жүргізуші әрі редакторы болған;
- 2007-2011 жылдар аралығында «Кәусар-саяхат» ЖШС-де ҚР азаматтарын қажылық сапарына алып баруды ұйымдастырған;
- 2013-2014 жылдар аралығында «Орталық Азия ғұламаларының фатуалары және тарихи деректік маңызы» атты ғылыми жоба бойынша аға ғылыми қызметкер болды.
- 2016-2021 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филосиофия және саясаттану факультеті жанындағы «Философия», «мәдениеттану», «дінтану» және «исламтану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі.
- 2017-2020 жылдарда Алматы қаласы, Ішкі саясат басқармасының «Маниториг және талдау орталығының» ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі.
- 2018 жылы «Қазақстандағы исламтану: тарихы, дәстүрі, дамыту жолдары» атты жобаның мүшесі.
- 2020 жылы «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеу шеңберінде 4.12-тармақ: «Кирилл және латын графикаларында теолингвистикалық сөздік әзірлеу» бойынша құрылған топтың аға ғылыми қызметкері.
- 2021 жылы ҚР БжҒМ-ның AP08857715 «Әл-Фараби трактаттарындағы теолингвистикалық дискурс («Усул ъилм ат-табиъа», «Китабул-Ахлақ» және «Китабул-Хуруф» еңбектері негізінде)» атты жобаның аға ғылыми қызметкері.
- Қазақстан, Италия, Австрия және Мысыр Араб Республикаларындағы ғылыми басылымдарда елуден астам мақалалары жарияланған.
- елуден астам діни және ғылыми әдебиеттердің редакторы болған.
16.08.1977 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Бозай елдімекенінде дүниеге келген.
Білімі:
1994-1996 жж. ҚМДБ жанындағы Ислам институты;
1996-2002 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті/ Алматы.
1998 ж. Табатабайи университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);
1999-2000 жж. Тегеран университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);
2010 ж. Ыстамбул университеті/ Ыстамбул (Түркия).
Мамандығы: Шығыстанушы-филолог. Парсы тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Аудармашы-референт.
Еңбек жолы:
2002-2006 жж. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер/ Алматы;
2005 жылы ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Қазақ даласында ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы (Х-ХІІ ғғ.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
2006-2011 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,
Түркология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер/ Түркістан
2006-2008 жж. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беретін К14.44.03 Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы (Академик Р.Бердібай төрағалығындағы);
2008 -2011 жж. Университет құрамындағы Жас Ғалымдар кеңесінің төрағасы;
2008-2011 жж. ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Жас Ғалымдар кеңесінің мүшесі;
2011-2017 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті/ Алматы
2012-2014 жж. СДУ Ғылым департаментінің директоры/Алматы
2017-2018 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ орталығының директоры/ Алматы
2017-2019 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі/ Алматы
2019 жылдан ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жетекші ғылыми қызметкері, Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі
Ғылыми атағы мен марапаттары:
Филология ғылымының кандидаты (2005 ж.); Доцент (2011 ж.)
2004 ж. ҚР Президент грантының;
2005-2006 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Талантты Жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік стипендиясының иегері;
2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтой медалімен;
2018 ж. Әзербайжан Республикасы Dədə Qorqud ұлттық қорының Dədə Qorqud атындағы сыйлығымен;
2021 ж. Абайдың Академиялық жинағын дайындауда қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен;
2021 ж. Халықаралық Түрксой ұйымының арнайы сыйлығымен марапатталған.
Парсы, араб, түрік және бірқатар түркі тілдерін (қыпшақ, оғыз және қарлұқ диалектілері) меңгерген.
Кітаптары:
Сондай-ақ мерзімді баспа беттері мен ғылыми жинақтарда Шығыс жазба мұрасы мен ислами құндылықтарға қатысты 70 аса ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалары жарияланған.
Иран, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Ауғаныстан елдерінде өткен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде түркілердің рухани мұрасына қатысты баяндамалар жасаған.
Туған жылы, жері: 25.09.1977 жылы Кентау қаласы.
Білімі: Жоғары
Еңбек жолы:
1998-1999 жылдар аралығында «Ыхлас» медресесінде аудармашы болып жұмыс атқарды.
1999-2004 жылдары Йемен мемлекетінде тәлім алды.
2014-2018 жылдан бері ҚМДБ-да РАНТ мүшесі болып қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап «Балаби қари» құран жаттау орталығында директор қызметін атқарып жатыр.