Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. Ақиқа құрбандығы бала туылған уақытта шалына ма?
        Ақиқа құрбандығы бала туылған уақытта шалына ма?

        Ақиқа құрбандығы бала туылған уақытта шалына ма?


        Жауап: Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғатта ол сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық. Үкімі – мубах (яғни істеуі немесе істемеуі адамның өз еркінде). Мүмкіндігі болса, қыз балаға бір қой, ұл балаға екі қой сойылады. Ақиқа құрбандығын жетінші күннен бастап балиғат жасына жеткенге дейін шалуға болады. Хадисте: «Әрбір бала өзінің ақиқасына тәуелді, оның атынан жетінші күні сойылып, оның (баланың) шашы алынады және есімі қойылады»[1], деген.

        Қорыта айтқанда, ақиқа құрбандығын шалу мубах. Мүмкіндігі болса, қыз балаға бір қой, ұл балаға екі қой сойылады. Ақиқа құрбандық етін шалған адамның өзі жейді немесе көпшілікке дастархан жайып, дәм таттырады.

                                                                                       ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1]Мүснад әл-имам Ахмад ибн Ханбал. 320-бет. № 6713 хадис.