Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Отбасы
        3. Неке қию үшін не істеу керек?
        Неке қию үшін не істеу керек?

        Неке қию үшін не істеу керек?


        Жауап: Ислам құқығында неке тақырыбы өте күрделі. Неке дұрыс болуы үшін рүкіндері мен шарттары орындалуы керек. Ижап (екі тараптың (еркек болсын, әйел болсын) бірінің ұсыныс білдіруі) және қабул. (екінші жақтың білдірген ұсынысына келісім білдіруі) некенің рүкіндері.

        Ал некенің дұрыс болуы шарттары:

        1) Әйел мен еркектің үйленулеріне кедергі болатын еш нәрсе болмауы;

        2) Куәгерлердің болуы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Куәгерлерсіз неке жоқ»[1] – деген. Куәгерлікке ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған екі мұсылман ер немесе бір ер, екі әйел кісі жарайды.

        3) Екі тараптың бір-бірінің сөзін естуі және түсінуі.

        4) Ижап пен қабулдың бір отырыста жасалуы әрі бір-біріне кереғар болмауы.

        5) Қыздың некесіне оның әке-шешесі немесе басқа да қамқоршыларының ризашылығы болуы.

        Үйленуге ниет еткен азаматтар мемлекеттік неке қию туралы куәлігін алып, кез келген мешітте некеге отыруға болады.

                                                                                       ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] Имам әл-Байһақи, 3/21.