
Құмар ойын ойнаудың үкімі қандай?
Жауап: Құмар – кездейсоқ сәттілікке үміттеніп ұтыс
мақсатымен ақша, құнды зат тіге отырып ұту немесе ұтылу. Шариғатымызда құмар
ойындарға қатаң түрде тыйым салынған. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Уа,
иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер),
құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен
(яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас
істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ
болыңдар»[1].
Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы
болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Біреу бауырына «кел, құмар ойын ойнайық» десе, садақа берсін»[2], –
деген.
Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса
харам, үлкен күнә саналады.