
Алла Тағала Құранда неге «біз түсірдік», «біз жараттық» деп келтірген?
Жауап: Құран араб тілінде түскен. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай
дейді:
بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُبِينٍ
«Ап-анық
араб тілінде»[1].
Араб тілінің тәсілдерінің бірі егер бір адам өзін ұлықтауды білдіруді
қаласа «мен істедім» деген сөзді қолданбай, «біз істедік» деп көпше түрде
келтіреді. «әл-Муғжәм әл-уәсит» атты кітапта: «Біз – деген сөз екі немесе көпше
түрде қолданылады. Кейде бір адамды ұлықтау мақсатында да пайдалынады»[2], –
деп келген.
Сондықтан
Құранда келген:
إِنَّا نَحْنُ
نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ
«Ақиқатында
Зікірді (Құранды) Біз түсірдік әрі Біз оны (өзгерту, бұрмалаудан) сөзсіз,
сақтаушымыз»[3],
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا
خَلَقْنَاكُم مِّن ذَكَرٍ وَأُنثَىٰ وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ
لِتَعَارَفُوا ۚ
«Уа, адамдар! Асылында, Біз сендерді ер мен
әйелдег жараттық та, бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді халықтар, тайпалар
етіп жасадық»[4],
- деген аяттардағы «Біз түсірдік», «Біз жараттық» деген сөздер Алла Тағаланың
жалғыз екендігіне ешқандай қайшы емес. Бұл араб тіліндегі ұлықтау мақсатында
қолданылған тәсілдерінің бірі.