Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қаржы
        3. Қарызды бере алмай жүрген адамды кешірген дұрыс па?
        Қарызды бере алмай жүрген адамды кешірген дұрыс па?

        Қарызды бере алмай жүрген адамды кешірген дұрыс па?

        Жауап: Жалпы мұсылман адам өз ақысын талап етуге құқылы. Алайда қарыз алған адам қиын жағдайда болса, алған ақшасын қайтаруға мүмкіндігі болмаса, оған уақыт беру қажет. Егер кешіріп жіберсе сауапқа кенеледі. Алла Тағала Құранда былай дейді:

        وَإِنْ كَانَ ذُو عُسْرَةٍ فَنَظِرَةٌ إِلَى مَيْسَرَةٍ وَأَن تَصَدَّقُوا خَيْرٌ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

        «Ал егер (қарыз алушы) қиын жағдайда болса, (жағдайы) жеңілдегенше мұрсат (беріңдер). Һәм садақа қылғандарың өздерің үшін қайырлы, егер білген болсаңдар»[1].

        Тағы бір аятта:  

        وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُحْسِنِينَ

        «Сондай-ақ ашу-ызаларын тежегіш, адамдарға кешірімшіл (тақуалар үшін) (әзірленген жұмаққа кіреді). Алла мұхсиндерді жақсы көреді!»[2], – дейді.

        Сондықтан қарыз алған адам қатты қиындыққа тап болған болса оны кешірген абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір кісі адамдарға қарыз беріп, өзінің ұлына былай дейді: «Егер қатты қиындыққа тап болған адам болса оны кешіріп жібер. Мүмкін Алла біздің күнәмізді кешірер» дейді. Алланың құзырына барғанда, Ұлы Жаратушы оны жарылқайды»[3], – деген.

        Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Нужәйм былай дейді: «Парыз нәпіл құлшылықтан абзал. Тек мына мәселелерде нәпілді бірінші орындаған жақсырақ:

        1. Қиыншылыққа тап болған адамды кешіріп жіберу (үкімі – мәндуб) оған қарызын өтеуге уақыт бергеннен (үкімі – уәжіп) абзал.

        2. Сәлемді бірінші беру (сүннет) оған жауап қайтарғаннан (уәжіп) жақсырақ.

        3. Дәретті намаздың уақыты кірмей жатып алу (мәндуб) уақыты кіргеннен кейін (намаз оқуы үшін) алғаннан (парыз) абзал»[4].

                                                                                                  ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

        [1] «Бақара» сүресі, 280-аят.

        [2] «Әл Имран» сүресі, 134-аят.

        [3] Бұхари, №3480. Муслим, №1562.

        [4] «әл-Әшбәху уә ән-нәзайыр», 131-132.