
Қарызды кешірдім деп айтса борышкердің мойнынан түседі ме?
Жауап: Шариғатта
қарызды кешіріп жіберуге рұқсат етіледі. Өйткені ол қарыз берушінің мүлкі, оны
өз қалауы бойынша жұмсауға құқылы. Қаласа борышкерге берген қарызын кешіріп
жібереді немесе қарызды негізгі сомасынан азайта алады[1].
Егер қарыз беруші қарызды кешірсе, онда борышкердің мойнынан ол міндетеме
түседі[2].
Али Хайдар
«Дурәру әл-хуккәм шәрху мәжәлләти әл-әхкәм» атты кітапта: «51-бап: Мойыннан
түсірген нәрсе қайтарылмайды. Яғни біреу өзінің мойнынан түсіруге рұқсат
етілген құқықтың бірін кешірсе, онда ол құқық мойнынан түседі. Оны мойнынан
түсіргеннен кейін қайтарып алмайды»[3], –
деп келтірген.