
Қарызды уақытында қайтармау күнә ма?
Жауап:
Жалпы қарыз алғаннан кейін оны уақытысында өтеу керек. Қарызды өтеуге
мүмкіндігі бола тұра кешіктіруге болмайды[1].
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَطْلُ الْغَنِيِّ ظُلْمٌ
«Қарызды өтеу мүмкіндігі бола
тұра кейінге қалдыру – зұлымдық» [2], – деген.
Имам
Нәуауи: «Дәулетті кісінің қарызды кешіктіруі зұлымдық әрі харам. Ал кедейдің
үзірі болғандықтан қарызды кешіктіруі зұлымдық та, харам да емес. Бұны хадистің
мазмұнынан түсінуге болады. Егер бай адамның (сол сәтте) дүниесі болмауы немесе
басқа себептерге байланысты қарызды өтеуге мүмкіндігі болмаса, онда оған қарызды
кешіктіріп беруіне болады»[3], –
дейді.
Сондықтан
қарызды өтеуге шамасы келе тұра уақытысынан кешіктіру күнә саналады.