
Тұрмысқа шыққан қыз тегін ауыстыруға болады ма?
Жауап: Шариғатта әрбір адам өз тегімен аталуы тиіс. Алла Тағала Құранда:
ادْعُوهُمْ
لِآبَائِهِمْ هُوَ أَقْسَطُ عِندَ اللَّهِ
«Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар.
Алланың құзырында ең дұрысы сол»[1], –
деп бұйырды.
Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің
тегіне өтуге тыйым салады[2].
Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі
елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді[3].
Өйткені Құранда: «Нухтың әйелі және Луттың әйелі»[4]
деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр.
Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оған разы
болсын) риуаят етілген хадисте: «Мәсғудұлының әйелі Зейнеп (Алла оған разы
болсын) Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп (кіруге)
рұқсат сұрайды. «Уа Алланың Елшісі! Зейнеп кіруге рұқсат сұрап тұр!» –
дегенде, ол: «Қайсы Зейнеп?», – деп сұрайды. «Мәсғудұлының әйелі», – деп жауап
береді. Ол: «Кірсін» дейді. Сонда оған кіруге рұқсат береді»[5].
Сондықтан тұрмысқа шыққан әйел өз
әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының
оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс
емес.