Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. АЗАН ШАҚЫРЫП ҚОЙҒАН ЕСІМДІ АУЫСТЫРУҒА БОЛА МА?
        АЗАН ШАҚЫРЫП ҚОЙҒАН ЕСІМДІ АУЫСТЫРУҒА БОЛА МА?

        АЗАН ШАҚЫРЫП ҚОЙҒАН ЕСІМДІ АУЫСТЫРУҒА БОЛА МА?

         

        Ислам діні балаға көркем, мағынасы дұрыс есім қоюға шақырады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ат қою жөнінде бірнеше өсиеті мен ескертулері бар. Атап айтқанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

         

        تَسَمَّوْا بأسَماءِ الأنبياء، وأحَبُّ الأسماءِ إلى الله: عَبدُ الله وعبدُ الرحمن، وأصدَقُها: حارِثٌ وهَمَّامٌ، وأقْبَحُها حَرْبٌ ومُرَّة

         

        «(Сәбилерге) пайғамбарлардың есімдерін беріңдер. Есімдердің Аллаға сүйкімдісі – Абдулла, Абдурахман, ең дұрысы– Харис (егінші, диқан, кәсіп етуші), Һәммам (жігерлі, майталман), ал ең жаманы– Харб (соғыс) және Мурра (ащы)»[1] - деген.

         

        Тағы бір хадисте:

         

        إِنَّكُمْ تُدْعَوْنَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ بِأَسْمَائِكُمْ وَأَسْمَاءِ آبَائِكُم فأحسنوا أسماءكم

         

        «Сіздер қиямет күні өз есімдеріңізбен және әкелеріңіздің есімдерімен шақырыласыздар. Сондықтан әдемі есім қойыңыздар»[2], – делінген.

         

        Есімнің мағынасы дінімізге қайшы болса адамның баланың намысына тисе немесе мазаққа себеп болса, онда оны ауыстыру қажет. Айша (Алла оған разы болсын) анамыздан жеткен хадисте:

         

        كان يُغيِّرُ الاسمَ القبيحَ إلى الاسمِ الحسنِ

         

         «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жағымсыз, жаман есімдері жақсы есімге ауыстыратын еді»[3], – деген.

        Абдулла ибн Омар (р.а) жеткен хадисте:

         

        إنَّ ابنةً لعمرَ كان يُقالُ لها: ( عاصيةُ )، فسماها رسولُ اللهِ ( جميلةَ )

         

         «Омардың Ғасия (күнәһар) атты қызы бар еді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны Жамилә (әдемі) деп өзгертті»[4] - делінген.

         

        Жоғарыдағы хадистерге сүйене отырып қойылған жағымсыз аттарды  мағыналы есімдерге ауыстыру керектігін түсінеміз.

         

        Қорыта айтқанда, балаға мағынасы жаман, естігенде сөгіс, балағат сөздерді меңзейтін ат қойылса оны өзгерту қажет. Әрине, адамға есім қоярда немесе атын өзгерткенде діни білімді, сауатты кісілермен кеңескені жөн.

         

        Айтуған Тойбазар

        СҚО бойынша пәтуаға жауапты маман

         



        [1] Бухари, №814.

        [2] Әбу Дәуіт, №4948.

        [3] Термизи, №2839.

        [4] Муслим, №2139