Қабiрде отыру, ұйықтау, қабiрге дәретке отыру және оның үстiмен жүру үкімі
Қабiр үстiнде отыру немесе ұйықтау яки жүру – мәкрүһ. Қабiрдiң үстiне үлкен немесе кiшi дәретке отыру – мәкрүһ тахрими (харамға жақын мәкрүһ). Ата-анасы, бауыры, туысының қабiрiне барғысы келген адам басқа қабiрдi баспай, айналып өтуі ләзім. Қабір басына ешқандай шүберек байланбайды, тиын-тебен тасталмайды.