Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Құран
        3. Ішімдік ішу туралы аят бар ма?
        Ішімдік ішу туралы аят бар ма?

        Ішімдік ішу туралы аят бар ма?

        Сұрақ: Құран Кәрімде: «...сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар...» делінген. Намазхан жігіттердің кейбірі осы аятқа сүйеніп, «Намазға мас күйінде тұрмасаң болды. Шаршағанды басу үшін кей кездері ұйқыға жатар алдында аздап ішуге болады»,- дейді. Осыған не дейсіздер?

        Жауап: Бұл «Ниса» сүресінің 43-ші аяты. Бұл аяттың үкімі, «Маида» сүресінің 90-91-ші аяттары келумен мансұқ етілген (жойылған). Бұл аятта «Ей мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар құтыласыңдар. Негізінен шайтан, арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал, сонда да тиылмайсыңдар ма?»,- делінген. Осы аяттың түсуімен арақ ішуге үзілді-кесілді тиым салынды. Шариғатта «харамзаттың азы да, көбі де харам»,- деген қағида бар. Ал, Аллаһ Тағаланың харам еткен нәрселерін халал деген шариғат бойынша діннен шығады.