Шын міскінге кімдер жатады? Жалпы садақаны қандай адамдарға берген абзал?
Сұрақ: Шын міскінге кімдер жатады? Жалпы садақаны қандай адамдарға берген абзал?
Жауап: Шын міскін деп – күнделікті тамаққа зәру, кембағалдарды айтады. Негізінде зекет, садақа шариғат бойынша жеті топ адамдарға беріледі. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: «Шын мәнінде садақалар (яғни, зекет) кедей-кепшіктерге, міскіндерге, оны (зекетті) жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері (исламға) жібітілуі мақсат етілген жандарға, құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолындағыларға, қиналған жолаушыларға беріледі»,- деген. («Тәуба» сүресі, 60-аят)