Муаққат неке деген не? Ол шариғат бойынша бола ма?
Сұрақ: Муаққат неке деген не? Ол шариғат бойынша бола ма?
Жауап: Никах аль-муаққат, қазақша мағынасы-уақытша неке. Никах аль-муаққат, Никах мутғаға өте ұқсайды. Бірақ неке және тазуиж, яғни: некелесу сөзіменен болады да, әйелге берілетін маһр ақысы және тұратын уақыттары белгіленеді.
Мысалы: «Сені 300 доллар беріп пәлен айға дейін некемен алдым» - деп ер кісі айтса, әйел қабыл етсе мұндай неке – Никах аль-Муаққат деп аталады.
Мұндай, никах аль-муаққат, никах аль-мутъа сияқты шариғат бойынша батыл болады, қабыл етілмей тыйым салынған.
Ондай некелесу «сыпайы түрдегі ойнас жасау» деп есептеледі.
Бұл зина (Аллаһ сақтасын!) сияқты кабаирге жатады, үлкен күнә.
Шарх аль-Хидая