Таң намазын күн шыққаннан кейін оқу (ұйықтап қалып) қазаға жата ма және қалай оқылады, толық па әлде парызы ғана ма?
Сұрақ: Таң намазын күн шыққаннан кейін оқу (ұйықтап қалып) қазаға жата ма және қалай оқылады, толық па әлде парызы ғана ма?
Сәткен Жәкенұлы.
Жауап: Қай намаз болмасын уақытында өтелмегеннен кейін қаза етіледі. Яғни, парыз намаздар ғана қаза етіп оқылып, сүннентері оқылмайды. Тек, таң намазын уақытында оқымаған кісі сол күні бесін намазынан бұрын парызын сүннетімен бірге қаза етіп оқиды.