Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Неге төрт мәзһаб төрт түрлі оқиды? Қайсысы дұрыс?
        Неге төрт мәзһаб төрт түрлі оқиды? Қайсысы дұрыс?

        Неге төрт мәзһаб төрт түрлі оқиды? Қайсысы дұрыс?

        Сұрақ: Біздің арамызда «намазды қалай оқыған дұрыс?»,- деген сұрақ төңірегінде жиі сөз болады. Неге төрт мәзһаб төрт түрлі оқиды? Қайсысы дұрыс? Біреу: Әбу Ханифаның айтқаны дұрыс,- десе, енді бірі: ең дұрысы мәдиналықтардыкі, себебі Әбу Ханифа Куфада тұрған, ал мәдиналықтарға пайғамбардың өзі үйреткен, алғашқы мешіт те Мәдинада салынған, содан бері онда бір рет намаз оқылмай қалған емес және ешкім өзінше жаңалық қосқан емес, барлық атақты сахабалар, әділетті халифалар Пайғамбарымызға ұйыды. Олардың ұрпақтары да солай оқып келеді. Ендеше ең дұрысы солардың намаз оқуы,- дейді. Мен бір мәзһабта болудың маңызын түсінемін, дегенмен олардың сөзінде қисын бар сияқты. Ал біздің имамдар оларды уахабилер деп түсіндіреді. Осыған тарихи деректермен нақты дәлел берсеңіздер екен.

        Н. Оралбай, Маңғыстау

         

        Жауап: Исламдағы төрт мәзһабтың төртеуі де дұрыс. Яғни осы төрт мәзһабтың иелері өз заманында қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сүйеніп үкім шығарған. Барлығының мақсаты, ел құлшылықта дұрыс әрі бір келкі болуы. Ал, біздің еліміз, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан, халықтың бойына сіңген имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын басшылыққа алады.