Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Намаз
        3. Намазда жаңылу
        Намазда жаңылу

        Намазда жаңылу

        Сұрақ: Кәрілік пе, әлде ұмытшақтық па, білмеймін соңғы кездері кейде намаздан жаңылып қалатын болып жүрмін. Жаңылғанымды байқасам намаздың аяғында сәһу сәждесін жасаймын да, қайтадан «Әттахияттан» бастап оқып, екі жаққа сәлем беріп, намазды аяқтаймын. Өзінше көп білемін деген бір азамат: Мұныңыз дұрыс емес, жаңылсаңыз «Әттахиятты» оқудың қажеті жоқ, екі жаққа сәлем берсеңіз жетеді және сәһу сәждесінің екі-үш түрі бар,- деді. Сонда мұның дұрысы қайсы және басқа қандай түрі бар?

        Зердербек Орынбай. Қарағанды.

         

        Жауап: Намаздың уәжіптерін ұмытып тастап кетсеңіз немесе артығымен не, кемітіп оқысаңыз «Әттахиятты» оқып болғаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, екі сәжде жасап, қайта әттахиятты оқып, салауатпен намазды аяқтайсыз. Ал, намазда қанша рәкат екенін жаңылысқан жағдайда, қанша рәкат күмәніңіздің яғни «толық болды ма, әлде толық болмады ма?»,- дегеніңіздің азын аласыз. Сөйтіп намазыңыздың соңы деп білген рәкатта отырып, «Әттахиятты» оқып болғаннан кейін кем болды ау деген рәкаттарды қосып оқып, толықтырасыз. Бұл жағдайларда да сәһу сәждесін жасау уәжіп. Сәһу сәждесінің басқа түрі жоқ.