Егер арабша дұрыс білмесе жаназа дұғасын қазақ тілінде оқуға бола ма?
Сұрақ: Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабында жаназа дұғасын арапша білмесе қазақ тілінде дұға қылуға болады деген. (36 бет) Егер арабша дұрыс білмесе жаназа дұғасын қазақ тілінде оқуға бола ма?
жауабы: Намазды араб тілінде оқи алмайтын адам дұғасын жергілікті тілде дыбыс шығармай, ішінде оқи алады. Намазы дұрыс болуы үшін, ол кісіге намазда оқитын дұғаларды араб тілінде (Құран тілін) үйрену уәжіп.