Мәйітке жаназа намазы оқылмай жерленген болса не істеу керек?
Сұрақ: Мәйітке жаназа намазы оқылмай жерленген болса не істеу керек?
Жауап: Мұндай жағдайда егер тым көп уақыт (Ханафи мәзһабы ғалымдары дене шіріп кететіндей мерзім деп көрсеткен, ал Шафий мәзһабы ғалымдары уақытқа шектеу қоймайды) өтпеген болса, қабыр басында тұрып жаназа намазын оқу қажет. Жаназа намазын оқушы кісі қабырдың алдында құбылаға қарап оқиды.