Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Жаназа
        3. Жаназа намазы туралы, істелетін амалдар, оқылатын сүрелерді толығырақ білгіміз келеді?
        Жаназа намазы туралы, істелетін амалдар, оқылатын сүрелерді толығырақ білгіміз келеді?

        Жаназа намазы туралы, істелетін амалдар, оқылатын сүрелерді толығырақ білгіміз келеді?

        Сұрақ: Жаназа намазы туралы, істелетін амалдар, оқылатын сүрелерді толығырақ білгіміз келеді?

        Босанған әйел, сәбиін жарық дүниеге әкелсе де соңынан ана қайтыс болып, нәресте шетінеп кетсе (Алла өзі сақтасын) бір қабірге қосып қою керек пе? Жоқ әлде бөлек жерлеген дұрыс па?

        Жауап:

        Жаназа намазына байланысты толық мағлұмат ҚМДБ-ның шариғат, пәтуа және мешіт істері бөлімінің шығарған «Жаназа рәсімдері» атты пәтуасы «Иман» журналында және «Ислам және өркениет» газетінің алдағы сандарында жарияланады.

        Екеуін бір қабірге жерлеуге шариғат рұқсат етпейді. Себебі, екеуі екі бөлек мәйіт болғандықтан оларды жеке-жеке жерлеу уәжіп. Ал жеке-жеке жерлеуге мүмкіншілік жоқ, үзірлі жағдайларда ғана болады (массовый). Мысалы, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ухұд соғысында шейіт болған сахабаларын бір қабірге жерлеген.

         

        الجواب: ومن الله الصدق والصواب

        Шариғат үкімі бойынша қабірдің басына өлген кісінің аты-жөнін жазып көктас қоюдың мал және басқа хайуандар баспауы үшін кесекпен кішкентай қоршау істеудің зияны жоқ. Бірақ сурет қоюға немесе сурет салуға, мүсін, ескерткіш орнатуға болмайды.