Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Жаназа
        3. Мәйітке құран оқуға бола ма? Егер оқыса, оған сауабы тие ме, әлде сауап болмай ма?
        Мәйітке құран оқуға бола ма? Егер оқыса, оған сауабы тие ме, әлде сауап болмай ма?

        Мәйітке құран оқуға бола ма? Егер оқыса, оған сауабы тие ме, әлде сауап болмай ма?

        Сұрақ:  Мәйітке құран оқуға бола ма? Егер оқыса, оған сауабы тие ме, әлде сауап болмай ма?

        Жауап: Құлшылық амалдарының, оның ішінде Құран оқудың сауабы мәйітке жетуі туралы фукаһалар (шарғи ғалымдары) бірауызды емес. Ал бұл туралы Ибн Қудама «Мұғни» кітабында былай дейді:

        Адам қай амалды сауап үмітімен істеп, оны мәйітке бағыштаса, Аллаһ Тағаланың қалауымен оның пайдасы тиеді, ал дұға, истиғфар ету, садақа беру және уәжіп амалдар арнайы ниетпен жасалса, олар да пайдалы екеніне ғұламалар таласпайды. Өйткені, аят–каримада:

        «Олардан соң келіп:  «Раббымыз, бізді және бізден бұрын иманмен өткен бауырларымызды кешір» деп дұға етеді» деп айтылады.

        «Хашр» сүресі, 10-аят.

        «Өз күнәңа, момын ерлер мен момын әйелдердің күнәларына кешірім өтінгін».

         «Мұхаммад» сүресі, 19-аят.

        Ханафи фукаһалар (Имам Ағзам мазхабындағы ғұламалар) кім намаз оқыса, ораза ұстаса, Құран оқыса, сосын соның сауабын марқұмдарға тегін бағыштаса, оның сауабы тиеді деседі.

        («Фатауами исламиа», 4-том, 1513-бет «һидая», «Фатх» және «Бахр» кітаптарынан алынды.)

        «Фатх» кітабының жазбагері «мәйіттеріңізге «Ясин» сүресін оқыңыздар» хадисін дәлелге алып, «мәйітке жасалған амалдың сауабы тиеді» дейді. Бір кісі Нәби ғалаис-саламнан сұрады: «Менің ата-анам болып еді. Мен оларға тірісінде жақсылық ете алмаған едім. Енді оларға марқұм халында қалай жақсылық етемін?»

        Сонда Расуліміз (с.ғ.с.):

        «Олар өлген соң жақсылық етуің - өзің намаз оқығанда олардың атынан намаз оқуың, өзің ораза ұстаумен оларға да ораза ұстап тұруың» деп жауап берді.

        Дароқутни риуаятынан.

        Қорыта айтқанда, ханафилер мен ханбалилердің пікірі бойынша барлық құлшылық амалдары мен ғибадаттардың, оның ішінде мәйітке Құран оқудың сауабы бар, мәйіт игілігіне жарайды.