Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Жаназа
        3. Өгей әкесінің атымен жаназа шығару
        Өгей әкесінің атымен жаназа шығару

        Өгей әкесінің атымен жаназа шығару

        Сұрақ: Сәби кезінде асырап алған бала есейіп, қартайып, Алладан ажалы жетіп бақиға қайтқанда өзінің нақты әкесі анықталып жатса, соның атымен жаназа шығарылуы керек пе? Әлде, еңбегі сіңген, бағып-қаққан өз аты-жөнін берген әкесінің атымен жаназа шығарылуы керек пе?

        Қиыспас достар, жақын туыстар өз еркімен балаларын бір-біріне беріп, ахиреттік деп жатады. Сондай адам пәниден өткенде оның тегін қалай атап, жаназа шығарған жөн.

        Жауап: Шариғат үкімі бойынша бала қандай себептер болса да баланың нақты әкесі анықталса, онда жаназа соның атымен шығарылуы керек. Өйткені Алла Тағаланың жаратылыс бойынша оның дүниеге келуіне себепші болған өзінің әкесі болып түсіндіріледі.