Ай туралы
Мұсылмандар айды, жұлдыздарды өздігінен ешкімге пайда зиян келтіре алмайтын Аллаһтың жаратқан махлұқтарынан деп сенеді. Аллаһ Тағала бұларды адамдардың пайдасы үшін жаратты. Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «(Мұхаммед с.а.с) Олар сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды . Ол адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу де» .( Бақара 189- аят) Ибн Касир (р.а) бұл аятқа мынандай мағына берді: Олар сол арқылы қажылық уақыттарын және әйелдердің белгілі мерзімін біледі. Аллаһ Тағала айды мұсылмандардың ораза мен ифтар уақыттары үшін жаратты –дейді.
(Тафсир Ибн Касир)
Аллаһ Тағала Құранда: « Күн мен түнді екі белгі жасадық, сонда түн белгісін кетіріп , күндізді Раббыларыңның кеңшілігімен несібе іздеулерің және жылдардың санын заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық» - дейді . (Исро 12 – аят) Тағы бір аятта: «Ол Сондай Аллаһ, күнді жарық , айды нұр етіп жаратты да айға жылдардың сандарын , есептерін білулерің үшін орындар белгіледі». (Юнус 5-аят)
Мұсылмандар жоғарда айтылған күнге де ай ға да құлшылық қылмайды. Өйткені бұлар Алла Тағаланың адамдардың пайдасы үшін жаратқан махлұқтары. Алла Тағала былай дейді: «Түн мен күндіз және күн мен ай Алланың дәлелдерінен. Күнге де айға да сәжде қылмаңдар. Оларды жаратқан Аллаға сәжде қылыңдар; егер оған құлшылық қылатын болсаңдар». (Фуссилат 37-аят)
Жалпы ислам қауымдастығында айды белгілі бір таңба ретінде қолданбаған . Пайғамбарымыз (с.а.с) заманында керуендер мен әскерлердің тулары бірыңғай ақ , қара , жасыл түсті болған . Негізі ислам мен айды ұштастыра нәрсе , ол Пайғамбарымыз (с.а.с)-ның Меккеден Мединеге жасырын һижреті . Өйткені сол түні ай жарты болған еді . Тағы бір деректерге сүйенетін болсақ , мұсылмандардың жыл санағы күнмен емес аймен есептелгендіктен айға қатты көңіл бөлген . Ал исламға ай таңба ретінде 1453 жылы Усман халифаттығы қарсаңында енген . Осман халифалығы тұсында кағбаның жабуында алтынмен тоқылған 12 ай белгілері безендірілген. Бұл зейнет әшекей ретінде. Ал кейбір ғалымдар жарты айды мұсылмандар батыс пен Африка елін ашқан кезде олардың шіркеулеріндегі кресті алып, орнына айды белгі етіп қойған.
Құранда жарты ай мен толған ай 50 жерде айтылған. Жаңа туылған ай жайында хадистерде 2027 жерде, ал толған ай жайында 836 жерде келген. Енді жаңа туған ай мен исламның арасында қандай байланыс бар?
Мұсылмандар рамазан айының оразасын рамазан айының туылған айына қарап бастайды . Және шәууал айындағы туған ай ораза айының басталу уақытын білдіреді. Және зул-хиджа айында туған ай қажылық уақытын және Құрбан айт уақытын білдіреді .
Ал жұлдыздарға келсек Аллаһ Тағала бұларды үш нәрсе үшін жаратты :
1) аспанды безендіру үшін
2) шайтандарға ату үшін
3) жол табу үшін
Аллаһ Тағала Құранда : « Ол құрлық пен теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан . » (Анғам 97-аят). Тағы бір аятта : « Расында біз дүние аспанын шамдармен ( жұлдыздар ) безендірдік . Оны шайтандарды атуға жасадық». (Мулк сүресі 5-аят)