Жол апатынан өлгендер үшін, апат болған жерге көк тас орнатуға бола ма?
Сұрақ: Жол апатынан өлгендер үшін, апат болған жерге көк тас орнатуға бола ма?
Жауап: Бұл шариғатқа қайшы іс. Себебі мұндай жағдай сүннетте де, шариғатта да жоқ. Тіпті - пайғамбарлар тарихында да кездеспейді. Екіншіден, жолаушыларға кедергі болатын жағдай жасамау, діни тұрғыдан алғанда абзалырақ. Ал, көк тас марқұмға арнайы зиярат етіп, дұға ету үшін оның қабіріне қойылса артықшылығы жоқ.