Банкте жұмыс жасау харам болады ма?
Ассаламағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Қазіргі таңда жұмысқа орналасу қиын екені айқын нәрсе. Біраз жұмысқа орналаса алмай жүріп, мамандығым бойынша банкке жұмысқа шақыру алдым. Не қуанарымды, не өкінерімді білмей жүрмін. Менің сұрағым: Банктің негізгі табыс көзі несие өсімінен, ол харам, ал сол банкке қызмет ету, яки онда жұмыс жасау харам болады ма?
Уа ғаләйкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Банкте көпшілік қызмет орындары шариғат тұрғысынан рұқсат етілген. Тек рибамен тікелей айналысатын (яғни қол қоятын, куә болатын) қызмет орны жайында ғалымдардың арасында қарама-қайшылық бар. Және ол рұқсат етілген жұмыс орындарының ақысы таза болып есептеледі.