Әкемнің зиратының жанына белгі қойсам бола ма?
Сұрақ: Менің әкемнің бауыры соғыста қаза болып, артында ұрпақ қалмаған. Басына барып құран бағыштап тұрайық десек қабірі қай жерде екені белгісіз. Сол үшін әкемнің зиратының жанына белгі қойсам бола ма?
Жауап: Марқұмдарға құран оқып, дұға бағыштау үшін, қабірі белгілі болған күннің өзінде зират басына бару шарт емес. Кезкелген уақытта кезкелген жерде отырып та дұға бағыштуаға болады. Сондықтан да белгі қоюдың қажеті жоқ.