Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Қабірді зиярат
        3. Марқұмдарды еске алған кездерде қабырстанға барамыз, оның сауабы мол дейді. Жалпы қабырстанға зиярат етудің тәртібі мен әдебі қандай?
        Марқұмдарды еске алған кездерде қабырстанға барамыз, оның сауабы мол дейді. Жалпы қабырстанға зиярат етудің тәртібі мен әдебі қандай?

        Марқұмдарды еске алған кездерде қабырстанға барамыз, оның сауабы мол дейді. Жалпы қабырстанға зиярат етудің тәртібі мен әдебі қандай?

        Сұрақ: Қайтыс болған кісіні бейітке жерлегенде және өмірден өткен марқұмдарды еске алған кездерде қабырстанға барамыз, оның сауабы мол дейді. Жалпы қабырстанға зиярат етудің тәртібі мен әдебі қандай? Онда қандай діни амалдар орындалады? Оған шариғат бұйрығы бойынша кімдер барады? Кімдер бара алмайды? Нелерге тыйым салынған? Осы жөнінде толық білгіміз келеді?

        Жауабы: барлық мақтаулар әлемдердің раббысы аллаһ тағалаға лайық. аллаһ тағаланың рахымы, періштелердің истиғфары және мүміндердің ізгі дұғалары пайғамбарымыз мұхаммедке (с.ғ.с.), оның үй-ішіне, сахабаларына және қиямет күніне дейін оның жолымен жүргендерге болсын.

        Исламда қажылық тек Мекке-Мәдинаға барып, Кағбаға тәуап ету және т.б. шарттар бар діни рәсім. Бұл шарттарға сәйкес келмейтін рәсімнің барлығы да қажылық болып есептелмейді.

        Ал қабірістанға зиярат етіп барған адамдар үшін ахиретті ойлап зиярат еткені дұрыс. Барған адам өткендерден ғибрат алуы, мәйіттер үшін Құран Кәрімді қирағат етіп дұға жасауы керек. Мәйітке оның пайдасы бар. Қабірістанға жұма яки, одан бір күн бұрын немесе кейін барса да болады. Зияратқа барған адам мына сөздерді айтуы керек:

        السلام عليكم أهل الديار‘ من المؤمنين و المسلمين. و إنا إن شاء الله للااحقون. أسأل الله لنا و لكم العافية.

        «Әссәләму ълайкум әһләддияр минәл муъминина уәл муслимина уә ин инша Аллаһу ләлахиқун әс әлуллаһа ләнә уә ләкумул ъафияһ».

        Қабірістанның алыс – жақын болуының айырмашылығы жоқ, бірақ жақсы адамдар жатқан жерге барып зиярат ету сауап. Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) қабіріне зиярат ету басқа жерлерді зиярат еткеннен артық.

        Пітнә (іріткі) тудырмайтын жағдайда ғана кәрі кемпірлерге қабірістанды зиярат етуге рұқсат етіледі. Егер әйелдерден пітнә шығады деп қауіптенсе, онда оларға қабірістанға баруға болмайды.

        Зиярат етуші зияратты  шариғат үкімдерінен шықпай орындауы тиіс. Қабірді айналып тәу ету, тасы мен қабір төмпешігін сүю – харам. Марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды.