Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. Құнт дұғасының орнына басқа бір білетін сүрені оқысам бола ма?
        Құнт дұғасының орнына басқа бір білетін сүрені оқысам бола ма?

        Құнт дұғасының орнына басқа бір білетін сүрені оқысам бола ма?

        Сұрақ: Мен намазға жасым келіп қалған уақытта жығылдым. Тілім келмей қиналамын. Бес-алты сүрені зорға жаттадым. Үтір намазындағы құнт дұғасын әлі күнге дейін жаттай алмай жүрмін. Құнт дұғасының орнына басқа бір білетін сүрені оқысам бола ма?

        Мұрат. Алматы қаласы.

         

        Жауап: Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы ғұламалары көрсеткен «Құнт» дұғасын жаттап оқыған абзал. Дегенмен, дұға болғандықтан, жаттап алғанға дейін білген дұғаңызды оқуыңызға болады.