Мәйітке немесе басқаға құран оқығаның үшін ақша, болмаса басқа заттар алуға бола ма, немесе болмай ма?
сұрақ: Мәйітке немесе басқаға құран оқығаның үшін ақша, болмаса басқа заттар алуға бола ма, немесе болмай ма?
Жауап: Құлшылық амалдарының, оның ішінде Құран оқудың сауабы мәйітке жетуі туралы фукаһалар (шарғи ғалымдары) бірауызды емес екенін жоғарыда атап өттік. Дұрысы: намаз, ораза, аят оқу тәрізді барлық ғибадаттар тегін, яғни ақысыз жасалса, марқұмға пайдасы тиеді, сондай-ақ садақалардың барлық түрлерінен мәйіт сауап алады. Құран оқуға ақша алу және оны мәйітке һәдиа ету дұрыс емес, өйткені ешбір имамдардан бұған рұқсат етілмеген. Ғұламалар айтады:
«Қари құранды ақша үшін оқыса ешқандай сауап жоқ, ол енді мәйітке нені бағыштайды?»
Жалпы алғанда Құранды сауап ретінде оқып, мәйітке бағыштаса, оның сауабы мәйітке тиеді. Ал Құран оқығанға ақша алу туралы Ибн Қоййым былай дейді:
«Құран оқытуға жалдауға және оны марқұмға арнауға болмайды, өйткені бұрынғы ғұламалардың ешбірінен бұған рұқсат беру туралы риуаят жоқ». Ал ханафилер Құран оқуға жалдауды дұрыс емес дейді. Олар: аятты ғибадат негізінде марқұмның ұлы оқи ма, не өзгесі оқи ма, ол мәйітке туыс па, жоқ па – бәрібір Құран оқуы дұрыс деседі. Ал жалдауды олар дұрыс демейді.
Қабірдің алдында немесе ұзақтан тұрып мәйіттің перзенті, не болмаса басқасы аят оқуы да дұрыс болады. Оның тегін немесе ақшамен оқуы бәрі бірдей, сауабы бар. Ерекше қари аятты оқып бола сала мәйітке арнаса дұрыс болады, оның өзіне сауабы тиеді.
Жаназа намазына қатысты сұрақтар: Адам баласы дүниеден озғанда туыстары, жолдастары, бүкіл ауыл болып ақырғы сапарына шығарып салады.
Авторы: Сейфитдин языжы, қазақша аударған Шыңғыс қажы Зухақажыұлының «Бейнелі намаз» кітабында жаназа намазының оқылуы туралы жазылған. (97 бет). Онда бірінші тәкбірде имам және жамағат құпия сұбханакәні оқиды. Ал екінші тәкбірде имам және жамағат құпия Аллаһумма салли, Аллаһумму барикті оқиды деген.