Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. Мешіттің құбыла жағына жерленген адам
        Мешіттің құбыла жағына жерленген адам

        Мешіттің құбыла жағына жерленген адам

        بسم الله الرحمن الرحيم

        Барлық мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға лайық. Аллаһ Тағаланың рахымы, періштелердің истиғфары және мүміндердің ізгі дұғалары пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Оның үй-ішіне, сахабаларына және қиямет күніне дейін Оның жолымен жүргендерге болсын.

        Бұл Шымкент қаласынан түскен «Мәйітті мешіт михрабының алдына жерлеуге бола ма?»,- деген сұрақ жайлы 

         

        Сұрақ: Мешіттің құбыла жағына жерленген әйелдің мүрдесін көшіруге бола ма?

        Жауап: Барша әділдік пен туралық Аллаһ тағаладан.

        Имам Муслим Абу Мурсат Киназдан риуаят еткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Қабірге қарап намаз оқымаңдар және олардың үстіне отырмаңдар»,- дегенін естідім»,- дейді. Шынында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) зираттың ішінде намаз оқудан қайтарған.

        Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қабірімді мешітке айналдырмаңдар»,- деген.

        Біздің пікірімізше, бұл мүрдені көшіру керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамдарға мешіттердің ішінде де және оның алдына да жерлеуге тыйым салған. Себебі жерлену мешіттерден соң пайда болған. Сондықтан мешіт қалдырылып, қабір көшіріледі. Егер біз қабірді мешіттің ішінде, алдында немесе жанында қалдырсақ намазхандар арасында үлкен іріткі туындайды. Аллаһ Тағала: «Пітнә (іріткі) адам өлтіруден де жаман күнә»,- деген.

         Барша мұсылмандарға қабірстанның ішіне  мешіт салудан, мешіттің ішіне, алдына немесе ауласына мәйітті жерлеуден тиылу уәжіп.

        Сообщаем на Ваш запрос, что раскрытие могил и перенос покойного для захоронения в другие кладбища по шариату строго не разрешается. Тем более если прошло много времени. А кладбища где покойный покоится надо очистить и поставить ограждения (если есть токая возможности) во избежание проникновения скота.