Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. Саяси қуғын-сүргін құрбандары Ислам шариғатының үкімі бойынша қандай шәһид түріне жатады? Жалпы шәһидтердің неше түрі бар?
        Саяси қуғын-сүргін құрбандары Ислам шариғатының үкімі бойынша қандай шәһид түріне жатады? Жалпы шәһидтердің неше түрі бар?

        Саяси қуғын-сүргін құрбандары Ислам шариғатының үкімі бойынша қандай шәһид түріне жатады? Жалпы шәһидтердің неше түрі бар?

        Сұрақ:  Саяси қуғын-сүргін құрбандары Ислам шариғатының үкімі бойынша қандай шәһид түріне жатады? Жалпы шәһидтердің неше түрі бар?

        Жауап: Шәһид үшке бөлiнедi. Кәміл шәһид, ақиреттегі шәһид, дүние шәһиді.

         

        І. Кәмiл шәһид (толық шаһид) – бұл дүниеде де, ақиретте де шәһид болып саналатын кiсi. Кәмiл шәһид болудың бес шарты бар:

        1. Саналы, ақыл-есінің бүтін болуы;
        2. Кәмелетке толуы;
        3. Мұсылман болуы;
        4. Шарғи ғұсылының толық болуы (жүніптіктен ғұсыл уәжіп болмау);
        5. Сол жерде көз жұму.

        ІІ. Ақиреттегi шәһидтер:

        Бұған зұлымдықпен өлтірілсе де жүніп болған адам әйтпесе хайызды немесе нифасты әйел, не болмаса алған жарақатынан кейін көп уақыт өткен соң өлген адам, немесе сәби бала, есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтiрiлген кiсi кәміл шаһидке жатпайды, бірақ ақиретте шәһид деп саналады. Мұндай шәһидтерге қиямет күнi Аллаһ тағала тарапынан уәде етiлген сауап беріледі.

        Осы  ақирет шәһидтерi қатарына суға батып немесе өртенiп өлген, үстiн дуал немесе сол сияқты бiр нәрсе басып қалған адам, сапардағы жолаушы, оба, тырысқақ ауруынан немесе дәрi-дәрмектен уланып өлген, iшi өтiп қайтыс болған, эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаян шаққан, т.б және де осылардың қатарына iлiм іздеп жүрiп қайтқан және жұма қарсаңындағы түнде қайтыс болған кiсiлер жатады.

        III. Дүниедегі шәһидтер:

        Бұлар соғыста қаһармандығын көрсетіп, елге танылу мақсатында соғысып қаза тапқандар.

        Шариғатта шәһид деп зұлымдықпен өлтiрiлген адамды айтады. Ол соғыста қаза тапса, немесе оны бұзақы ма яки қарсылас мемлекет адамы, жол торыған қарақшы әйтпесе ұры өлтiрiп кетсе де, шәһид боп саналады.

        Жоғарыдағы аталған, яғни саяси қуғын-сүргін құрбандары болған бабаларымызды кәміл шәһидтер қатарына қосуға болады. Себебі олар, елдің қамы үшін нақақтан-нақақ өлтірілгендер.