Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. БӨГДЕ ЕР МЕН ӘЙЕЛ ЖЕКЕ ҚАЛУЫНА БОЛАДЫ МА?
        БӨГДЕ ЕР МЕН ӘЙЕЛ ЖЕКЕ ҚАЛУЫНА БОЛАДЫ МА?

        БӨГДЕ ЕР МЕН ӘЙЕЛ ЖЕКЕ ҚАЛУЫНА БОЛАДЫ МА?

         

         Шариғатымызда бөгде ер кісі мен әйелдің жеке қалуына тыйым салынған. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің мүбәрак хадисінде:

         

        ألَا لا يَخْلُوَنَّ رجُلٌ بامرأةٍ لا تَحِلُّ له؛ فإنَّ ثالثَهما الشَّيطانُ، إلَّا مَحْرَمٌ

         «Қандайда бір бөгде ер кісінің махрамынан бөлек, өзіне халал болмаған әйелмен оңаша қалуына болмайды. Себебі олардың үшіншісі шайтан болады»[1], - дейді.

         

        Тағы бір хадисте:  

         

        مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَلا يَخْلُوَنَّ بِامْرَأَةٍ لَيْسَ مَعَهَا ذُو مَحْرَمٍ مِنْهَا، فَإِنَّ ثَالِثَهُمَا الشَّيْطَانُ

         

        «Кімде кім Аллаға және Ахирет күніне иман келтірген болса, жанында туысы болмаған бөтен әйелмен жеке қалмасын. Себебі олардың үшіншісі шайтан болады»[2], - деген.

         

          Жоғарыдағы хадистерден араларында неке болмаған ер мен әйелдің оңаша қалулары күнәлі іс екендігін аңғарамыз. Оңаша қалу өзге адамдардың көзінен таса болған орындарды қамтиды. Сол үшін қыз бен жігіттің достығы, махаббаты, жүруі, қызметі олардың жеке қалауына себеп бола алмайды. Себебі бөгде ер мен әйел оңаша қалса, шайтанға азғырылып зина жасауы әбден мүмкін. Ал зинаның харам әрі үлкен күнә екені белгілі. Ол жайында Алла Тағала Құранда былай дейді:

         

        وَلَا تَقْرَبُوا الزِّنَا ۖ إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاءَ سَبِيلًا

         

        «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол»[3].

         

        Сондықтан араларында некесі жоқ бөгде ер мен әйелдің жеке қалуына болмайды. Тіпті оңаша қалу былай тұрсын, шариғатымызда ер кісілер бөгде әйелдерге қараудан, әйелдер бөгде ер кісілерден көздерін тыю керектігі әмір етілген. Алла Тағала баршамызды күнәлі істен сақтасын!

         

         

         

        Исламқұл Иманқұлұлы

        Шымкент қаласы бойынша

        пәтуаға жауапты маман



        [1] Имам Ахмад риуаят еткен.

        [2] Табарани риуаят еткен.

        [3]«Исра» сүресі, 37-аят.