Қиямет күнінің сынақтарынан сақтану дұғалары
Сұрақ: Әссәләму ғалейкум. Қиямен сынақтарынан сақтану жолдары қандай?
Жауап: Уағалейкумассалам!!!
﴿رَبَّنَا وَآتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَى رُسُلِكَ وَلاَ تُخْزِنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّكَ لاَ تُخْلِفُ الْمِيعَادَ﴾
Оқылуы: «Раббәнәә уа әәтинәә мәә уәъәдтәнәә ъәлә русуликә, уа ләә тухзинәә йәумәл-қиийәәмәти, иннәкә ләә тухлифул-миъәәд».
Мағынасы: «Раббымыз! Елшілерің арқылы бізге уәде еткен нәрселеріңді беріп, Қиямет күні бізді сорлата көрме. Расында Сен уәдеңді бұзбайсың» (Әли Имран, 194).
﴿رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ﴾
Оқылуы: «Раббәнәғфирли уа лиуалидәййә уа лилмуминиинә йәумә йақуумул-хисәәб».
Мағынасы: «Раббымыз! Қиямет күні мені, әке-шешемді, мүміндерді кешіре гөр» (Ибраһим, 41).
» اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي، وَاهْدِنِي، وَارْزُقْنِي، وَعَافِنِي، أَعُوذُ بِاللهِ مِنْ ضِيقِ المَقَامِ يَوْمَ القِيَامَةِ«. رَوَاهُ النَّسَائِيُّ.
Оқылуы: «Аллааһуммағфирлии, уаһдинии, уарзуқнии, уа ъаафинии, уа әъуузу билләәһи мин дыйқил-мақаами йәумәл-қийаамә».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мені кешір, мені туралыққа баста, маған ризық бер әрі есендік бер. Алланың атымен Қиямет күнгі қысылтаяң орын-жайдан сақтанамын» (Нәсәи риуаят еткен).