Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Қиямет күніне сенім
        Қиямет күніне сенім

        Қиямет күніне сенім

         

        «Қиямет күнінің сөзсіз болатындығына кәміл сенемін».

         

        Жер бетіндегі тіршіліктің жойылып, Қиямет күнінің – Ұлы есеп күнінің болатындығына кәміл сену иманның ең басты шарттарының бірі.

        ﴿وَمَنْ يَكْفُرْ بِاللَّهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيداً﴾ 

        «Ал кім Аллаға және періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне сенбей, күпірлік келтіргендер терең адасумен адасады» (Ниса, 136).

        Қиямет күні адамдардың қайта тіріліп, жиналған уақытынан басталып, жәнаттықтар жәннатқа, тозақтықтар тозаққа кіргізілгенше созылады.

        Қиямет күні кейбір аяттар мен хадистерде йәумул-ахир, ал кейбір аят-хадистерде йәумул-қияма деп келінген. Ақырет күні – йәумул-ахир, яғни «соңғы күн» делініп дүние тіршілігінің ең соңғы күнімен жалғастығына орай айтылған. Ал йәумул-қияма – қиямет күні, яғни «тұратын күн» делініп адамдардың қабірлерінен тұратындығына, Жаратушыларының алдында тұратындығына қатысты айтылған.

        Қияметтің қасіретті көрінісі: адамзат пен жын үшін, барлық жан атаулы үшін өте ауыр болатын бұл күні жүкті әйел қатты қорыққанынан ішіндегі шаранасын тастайды, кісі өзінің бауырынан, анасынан, әкесінен қашады. Әрбір жан өз-өзімен әлек болады, тек өзінің аман-сау қалғанын ғана қалайды. Бұл күннің қасіреттілігі сонша, тіпті сондай қорқынышты жайтты көрген жас баланың шашы аппақ қудай болып ағарып кетеді. 

        ﴿فَكَيْفَ تَتَّقُونَ إِن كَفَرْتُمْ يَوْماً يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيباً 

        «Балалардың шаштарын ағартатын күнге сенбеген болсаңдар қалайша сақтанасыңдар?!» (Мүззәммил, 17). 

        Жаратылған нәрсенің түбінде өзін Жаратқанға қайтуы айнымасы хақ. 

        ﴿أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثاً وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ 

        «Әлде Біз сендерді ермек үшін жараттық деп әрі өздеріңді Бізге қайтпайсыңдар деп ойладыңдар ма» (Мүминун, 115).

        Құран Кәрімде Қиямет-қайымның көріністері туралы көптеген аяттар бар. Солардың кейбірінде Алла Тағала былай дейді: 

        ﴿وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَصَعِقَ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَمَنْ فِي الْأَرْضِ إِلَّا مَنْ شَاءَ اللَّهُ ثُمَّ نُفِخَ فِيهِ أُخْرَى فَإِذَا هُم قِيَامٌ يَنظُرُونَ﴾ 

        «Сұр үрленіп, көктер мен жердегілер Алла қалағанынан басқаларының бәрі естерінен танады. Сосын онда екінші рет үрленеді де олар орындарынан тұрып қарап тұрады» (Зүмәр, 68); 

        ﴿يَوْمَ نَطْوِي السَّمَاء كَطَيِّ السِّجِلِّ لِلْكُتُبِ كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُّعِيدُهُ وَعْداً عَلَيْنَا إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ﴾ 

        «Сол күні біз аспанды кітаптардың орамаларының бүктелгеніндей бүктейміз. Оларды алғашқы жаратылысты бастағанымыздай қайталаймыз. Біз осылай уәде еткенбіз. Ақиқатында Біз оны істейміз» (Әнбия, 104).

        Алла Тағала барлық адамзатты Қиямет күніне туралы қатаң ескертеді. 

        ﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ إِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ * يَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ كُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّا أَرْضَعَتْ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُم بِسُكَارَى وَلَكِنَّ عَذَابَ اللَّهِ شَدِيدٌ  

        «Уа, адамдар! Раббыларыңнан қорқыңдар! Расында ұлы сағаттағы (Қиямет күніндегі) сілкініс өте зор нәрсе. Ол күні әрбір емізуші әйелдің емізулі баласын ұмытады, ал әрбір жүкті әйел түсік тастайтынын көресіңдер. Һәм адамдардың мас түрінде көресің, алайда олар мас емес, бірақ Алланың азабы өте қатты» (Хаж, 1,2).

        Пайғамбарымыз (ﷺ) да өзінің хадистерінде Қиямет күнінің қиын жағдайлары жайында ескертіп өткен.

        عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: »يَعْرَقُ النَّاسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يَذْهَبَ عَرَقُهُمْ فِي الأَرْضِ سَبْعِينَ ذِرَاعًا وَيَلْجُمُهُمْ حَتَّى يَبْلُغَ آذَانَهُمْ«. رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

        Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (ﷺ): «Қиямет күні адамдар (күнәларының себебінен) қатты терлейді. Тіпті, олардың аққан тері жетпіс шынтаққа дейін кетеді де, құлақтарына дейін жетіп, ноқталайды (яғни, аузы-мұрнына дейін жетеді)». (Бұхари риуаят еткен).

        عَنِ الْمِقْدَادِ بْنِ الأَسْوَدَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: »تُدْنَى الشَّمْسُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْخَلْقِ حَتَّى تَكُونَ مِنْهُمْ كَمِقْدَارِ مِيلٍ، قَالَ سَلِيمُ بْنُ عَامِرٍ: فَوَاللهِ، مَا أَدْرِى مَعَ، يَعْنِى بِالْمِيلِ، أَمَسَافَةِ الأَرْضِ أَمِ الْمِيلِ الَّذِي تُكْتَحَلُ بِهِ الْعَيْنُ، قَالَ: فَيَكُونُ النَّاسُ عَلَى قَدَرِ أَعْمَالِهِمْ فِي الْعَرَقِ: فَمِنْهُمْ مَنْ يَكُونُ إِلَى كَعْبَيْهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَكُونُ إِلَى رُكْبَتَيْهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَكُونُ إِلَى حَقْوَيْهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَلْجُمُهُ الْعَرَقُ إِلْجَامًا، قَالَ: وَأَشَارَ رَسُولُ الله صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِيَدِهِ إِلَى فِيهِ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

        Әл-Миқдад ибн әл-Асуад (р.а.) былай дейді: «Мен Алланың елшісінің (ﷺ) былай дегенін естідім: «Күн Қиямет күні халыққа мил қашықтығындай жерге жақындайды. (Риуаятшы Сәлим ибн Амир: «Уаллаһи, мұндағы мил жердегі өлшем бе, әлде көз қуантатын алыс қашықтық па, білмедім», – дейді.) Адамдар іс-амалдарына қарай терге малшынған күйде болады. Олардың арасында аққан тері тобығына дейін жеткендер, тізесіне дейін жеткендер, беліне дейін жеткендер және тері ноқталағандары да (яғни, аузы-мұрнына дейін жеткендері де) болады». Риуаятшы: «Алланың елшісі (ﷺ) қолымен аузын нұсқады», – дейді. (Мүслім риуаят еткен).

        عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:» يَقُولُ اللهُ تَعَالَى: يَا آدَمُ! فَيَقُولُ: لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ وَالْخَيْرُ فِي يَدَيْكَ، فَيَقُولُ: أَخْرِجْ بَعْثَ النَّارِ، قَالَ: وَمَا بَعْثُ النَّارِ؟ قَالَ: مِنْ كُلِّ أَلْفٍ تِسْعَمَائَةٍ وَتِسْعَةً وَتِسْعِينَ، فَعِنْدَهُ يَشِيبُ الصَّغِيرُ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى وَلَكِنَّ عَذَابَ اللهِ شَدِيدٌ، قَالُواْ: يَا رَسُولَ اللهِ، وَأَيُّنَا ذَلِكَ الْوَاحِدُ؟ قَالَ: أَبْشِرُواْ فَإِنَّ مِنْكُمْ رَجُلاً وَمِنْ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ أَلْفًا، ثُمَّ قَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ إِنِّي أَرْجُو أَنْ تَكُونُواْ رُبْعَ أَهْلِ الْجَنَّةِ، فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: أَرْجُو أَنْ تَكُونُواْ ثُلْثَ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: أَرْجُو أَنْ تَكُونُواْ نِصْفَ أَهْلِ الْجَنَّةِ فَكَبَّرْنَا، فَقَالَ: مَا أَنْتُمْ فِي النَّاسِ إِلاَّ كَالشَّعْرَةِ السَّوْدَاءِ فِي جِلْدِ ثَوْرٍ أَبْيَضَ أَوْ كَشَعْرَةٍ بَيْضَاءَ فِي جِلْدِ ثَوْرٍ أَسْوَدَ«. رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ.

        Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ) былай дейді: «(Қиямет күні) Алла Тағала: «Уа, Адам!» – деп дауыстайды. Адам (ата): «Ләббәйкә, алдыңдамын! Құт-береке қолыңда», – дейді. Алла Тағала: «Тозақтың тобын шығар», – дейді. Адам (ата): «Тозақтың тобы деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: «Әрбір мың адамнан тоғыз жүз тоқсан тоғызы», – дейді. Мұны естіген жас баланың шашы аппақ қудай болады, әрбір жүкті ұрғашы түсік тастайды. Сонда адамдарды мас күйінде көресің. Алайда олар мас емес, бірақ Алланың азабы өте қатты». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Сол мыңның ішіндегі бірі біздің қайсысымз болады?» – десті. Пайғамбар (ﷺ): «Қуаныңдар! Сендерден біреу, Яжуж бен Мәжужден мың», – деді. Сосын: «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, сендердің (мұсылман үмбетінің) жұмақ жұртының ширегі болғандарыңды қалаймын», – деді. Біз (сахабалар) тәкбір айттық. Ол (ﷺ): «Сендердің жұмақ жұртының үштен бірі болғандарыңды қалаймын», – деді. Біз (сахабалар) тәкбір айттық. Ол (ﷺ) тағы да: «Сендердің жұмақ жұртының жартысы болғандарыңды қалаймын», – деді. Біз (сахабалар) тәкбір айттық. Сосын ол (ﷺ): «Сендер адамзаттың ішінде бар болғаны ақ өгіздің терісіндегі бір тал қара қылшық немесе қара өгіздің терісіндегі бір тал ақ қылшықтайсыңдар», – деді». Бұхари риуаят еткен.

        Қиямет күнінің сынақтарынан сақтану дұғалары

        ﴿رَبَّنَا وَآتِنَا مَا وَعَدتَّنَا عَلَى رُسُلِكَ وَلاَ تُخْزِنَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّكَ لاَ تُخْلِفُ الْمِيعَادَ﴾  

        Оқылуы: «Раббәнәә уа әәтинәә мәә уәъәдтәнәә ъәлә русуликә, уа ләә тухзинәә йәумәл-қиийәәмәти, иннәкә ләә тухлифул-миъәәд». 

        Мағынасы: «Раббымыз! Елшілерің арқылы бізге уәде еткен нәрселеріңді беріп, Қиямет күні бізді сорлата көрме. Расында Сен уәдеңді бұзбайсың» (Әли Имран, 194). 

        ﴿رَبَّنَا اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِلْمُؤْمِنِينَ يَوْمَ يَقُومُ الْحِسَابُ 

        Оқылуы: «Раббәнәғфирли уа лиуалидәййә уа лилмуминиинә йәумә йақуумул-хисәәб».

        Мағынасы: «Раббымыз! Қиямет күні мені, әке-шешемді, мүміндерді кешіре гөр» (Ибраһим, 41).

        » اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي، وَاهْدِنِي، وَارْزُقْنِي، وَعَافِنِي، أَعُوذُ بِاللهِ مِنْ ضِيقِ المَقَامِ يَوْمَ القِيَامَةِ«. رَوَاهُ النَّسَائِيُّ.

        Оқылуы: «Аллааһуммағфирлии, уаһдинии, уарзуқнии, уа ъаафинии, уа әъуузу билләәһи мин дыйқил-мақаами йәумәл-қийаамә».

        Мағынасы: «Уа, Алла! Мені кешір, мені туралыққа баста, маған ризық бер әрі есендік бер. Алланың атымен Қиямет күнгі қысылтаяң орын-жайдан сақтанамын» (Нәсәи риуаят еткен).