Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Кітап иелері деген кімдер?
        Кітап иелері деген кімдер?

        Кітап иелері деген кімдер?

        Сұрақ:  Кітап иелері деп кімді айтамыз?

        Жауап: 

        Кітап иелері – Тәурат пен Інжілді ұстанамыз деп бірақ басқа жолға түсіп адасушы иудаизм мен христан дінінің өкілдері осылай аталады. Алла Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымызға былай бұйырады:  

        ﴿قُلْ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لَسْتُمْ عَلَى شَيْءٍ حَتَّىَ تُقِيمُواْ التَّوْرَاةَ وَالإِنجِيلَ وَمَا أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ

         «(Уа, Мұхаммед! Сен оларға: ) «Уа, Кітап иелері! Тәурат пен Інжілді және өздеріңе Раббыларың тарапынан түсірілгенді тура орындамайынша түк те емессіңдер» деп айт» (Мәида, 68).

        Расында да олар Тәурат пен Інжілдің түпнұсқасына амал еткенде соңғы Пайғамбарға (ﷺ) да және Оған түскен Құран Кәрімге де кәміл иман келтіріп, мұсылман болар еді.