Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Зәбур – Дәуіт пайғамбарға (а.с.) түскен кітап.
        Зәбур – Дәуіт пайғамбарға (а.с.) түскен кітап.

        Зәбур – Дәуіт пайғамбарға (а.с.) түскен кітап.

        Зәбур – Дәуіт пайғамбарға (а.с.) түскен кітап. Хақ Тағала "Ниса" сүресінің 163-аятында: 

        ﴿وَآتَيْنَا دَاوُودَ زَبُوراً﴾  

        «Дәуітке Зәбурды бердік», – дейді.

        Зәбур сөзі «жазылған кітап» деген мағынаны білдіреді. Бұл иләһи кітапта Алланың әмірлері айтылған. Жалпы Құран Кәрімде Дәуіт пайғамбарға (а.с.) нәзіл болған Зәбур кітабы туралы аяттар көп емес. Тек "Әнбия" сүресінің 105-аятында:

        ﴿وَلَقَدْ كَتَبْنَا فِي الزَّبُورِ مِنْ بَعْدِ الذِّكْرِ أَنَّ الْأَرْضَ يَرِثُهَا عِبَادِيَ الصَّالِحُونَ﴾ 

        «Расында Біз Зәбурда зікірден кейін: «Жерге ізгі пенделерім мұрагер болады», – деп жаздық», – делінген.