Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Тәурат – Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен иләһи кітап
        Тәурат – Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен иләһи кітап

        Тәурат – Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен иләһи кітап

        Тәурат – Мұса пайғамбарға (а.с.) түскен иләһи кітап. Көне еврей тілінде тәурат сөзі «заң», «иләһи пәрмен» деген мағыналарды береді. Қасиетті Құранда Тәураттың Мұсаға (а.с.) түсірілгендігі, Алла Тағала осы кітабы арқылы оған қауымы Бәни Исраилды туралыққа бастап, үкім етуге бұйырғандығы жайында хабарланады. Мысалы, Бақара сүресінің 53-аятында:  

        ﴿وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ 

        «Мұсаға Кітапты (Тәуратты) түсірдік», – делінген.

        ﴿إِنَّا أَنْزَلْنَا التَّوْرَاةَ فِيهَا هُدًى وَنُورٌ

        «Біз ішінде туралық пен нұр бар Тәуратты түсірдік» (Мәида, 44).

        Тәуратта ғибадаттың жай-жапсары мен түрлі мәселелерге жауап берілген. Сондай-ақ, соңғы кітап – Құран Кәрімде Бәни Исраилдың көшірушілері мен кейбір ғалымдарының Тәуратты бұрмалап, өзгерткендігі туралы да айтылған. Олар Тәурат аяттарының кейбір тұстарының өңін айналдырып өзгерсе, ал кейбір тұстарын мүлде алып тастаған. Осылайша Алланың кәләмына деген қолсұғушылықтың салдарынан арада ондаған ғасырлар өткенде Бәни Исраилдың кейінгі ұрпақтары еврей халқы Мұсаға түскен Тәураттан мүлде өзгеше Тәуратқа ие болды. Сонда иләһи Кітапты дұрыс құрметтемей, оған амал етпегендердің сорақы істерін Алла Тағала Жұма сүресінің 5-аятында: «Тәуратты көтергендер алтын көтерген есек секілді»,  – деп айыптап, әшкерелеген.

        ﴿مَثَلُ الَّذِينَ حُمِّلُواْ التَّوْرَاةَ ثُمَّ لَمْ يَحْمِلُوهَا كَمَثَلِ الْحِمَارِ يَحْمِلُ أَسْفَاراً بِئْسَ مَثَلُ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَاللَّهُ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ﴾

        «Тәурат жүктелініп, сосын оны ұстамағандардың мысалы көп кітап көтерген есектің мысалындай. Алланың аяттарын өтірікке шығарған қауымның мысалы қандай жаман! Алла залымдарды тура жолға бастамайды» (Жұма, 5).