Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Періште артық па, адам артық па?
        Періште артық па, адам артық па?

        Періште артық па, адам артық па?

        Сұрақ: Әссәләму ғалейкум. Періште артық па, адам артық па?

        Жауап: Уағалейкумуссалам!!! 

        Барлық мұсылмандардың ортақ пікірі бойынша ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) көктегі һәм жердегі күллі мақлұқаттардан: періштелерден, адамзаттан, жындардан дүниеде де, ақыретте де артық. Оған Пайғамбардың (ﷺ) мына хадисі дәлел болады.

        قال النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» أَنَا أَكْرَمُ الأَوَّلِينَ وَالآخِرِينَ عَلَى اللهِ، وَلاَ فَخْرَ«.  

        «Мен Алланың дәргейінде алдыңғылардың да, соңғылардың да ең ардақтысымын, мақтаныш емес».

        Тіпті, уахи жеткізуші Жебірейіл періштенің (а.с.) өзі Пайғамбардан (ﷺ) артық бола алмайды. Өйткені Құранды түсіруші һәм үйретуші, ол – Алла Тағала. 

        ﴿الرَّحْمَنُ*  عَلَّمَ الْقُرْآنَ﴾ 

        «Аса рахымды, Құранды үйреткен» (Рахман, 1, 2).

        Матуриди мазһабы бойынша пайғамбарлар періштелердің Жебірейіл, Микаил сияқты басшыларынан артық. Адамдардың ішіндегі әулиелер, нағыз мүміндер періштелердің жалпы мүміндерінен артық.

        Әһлус-суннә жамағаты осы пікірлеріне мынадай дәлелдер келтіреді.

        1. Алла Тағаланың періштелерге Адамға сәжде етуге бұйыруы Адамның олардан артық екендігін білдіреді.

        ﴿وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلاَئِكَةِ اسْجُدُواْ لآدَمَ فَسَجَدُواْ﴾ 

        «Сол кезде періштелерге: «Адамға сәжде жасаңдар», дегенімізде бәрі сәжде жасады..» (Бақара, 34).

        2. Алла Тағала есімдерді Адамға үйретті, періштелерге үйретпеді.

        ﴿وَعَلَّمَ آدَمَ الأَسْمَاء كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى الْمَلاَئِكَةِ فَقَالَ أَنبِئُونِي بِأَسْمَاء هَـؤُلاء إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ * قَالُواْ سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَا إِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا إِنَّكَ أَنتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ * قَالَ يَا آدَمُ أَنبِئْهُم بِأَسْمَآئِهِمْ فَلَمَّا أَنبَأَهُمْ بِأَسْمَآئِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّي أَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ

        «Ол (Алла Тағала) Адамға барлық есімдерді үйретті, сосын оларды періштелерге көрсетіп: «Егер шын айтқан болсаңдар, маған мыналардың аттарын айтып беріңдер», деді. Сонда олар: «Сен Пәксің! Біз Сенің үйреткеніңді ғана білеміз. Расында Сен бәрін білушісің һәм аса данасың», десті. Ол: «Уа, Адам! Оларға аналардың аттарын айтып бер», деді. Ол оларға айтып берген соң (Алла Тағала): «Мен сендерге көктер мен жердің ғайып нәрселерін, сендердің жария істеріңді де, жасырын істеріңді де білемін демеп пе едім?» деді» (Бақара, 31-33).

        ﴿هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ﴾

        «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» (Зүмәр, 9).

        Әрине, білетіндер мен білмейтіндер тең бола алмайды.

        3. Алла Тағаланың әміріне мойынсұну, құлшылық ету адамзат үшін қиын, машақатты. Ол нәпсімен күресуді, шайтанды, дүнияуи істерін жеңуді талап етеді. Мұндай машақаттар, қиындықтар істелінген іс-амалдың сауабының артуына себеп болады. Алланың елшісі (ﷺ): «Іс-амалдың ең абзалы ең қиыны», – деген.