«Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз рас па?
Сұрақ: «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген сөз рас па?
Жауап: Бұл барып тұрған антұрған сөз. Періштелер Алла Тағаланың үнемі құлшылықта болатын, әмірін екі қылмайтын пәк құлдары. Олар пәнилік қызықтарға бой алдырмайды. Өйткені оларда нәпсі сезімдері, ішу-жеу сияқты қасиеттер жоқ. Олардың нақтылы сипаттары Құран Кәрімде айтылған. Әрбір мұсылман періштелер туралы танымын сол аят-хадистердің негізінде тұғырлауы тиіс.