Ислам дінінің діңгектері
Сұрақ: Ассаламу алейкум!!! Ислам дінінің діңгектері қайсы?
Жауап: Уағалейкум ассалам!!!
قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ: »بُنِيَ الإِسْلاَمُ عَلَى خَمْسٍ: »شَهَادَةِ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّداً رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلاَةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ.« مُتَّفَقٌ عَلَيهِ.
Расулалла (с.а.с.) былай деді: «Ислам бес нәрсеге құрылған:
1. Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беру;
2. Намаз оқу;
3. Зекет беру;
4. Бәйтуллаға қажылық жасау;
5. Рамазанда ораза тұту».
Бұл – Ислам дінінің бес парызы. Әрбір мұсылман осы бес парызды жақсы біліп, бұлжытпай орындауы тиіс.
عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ قَالَ:» بَيْنَمَا نَحْنُ عِنْدَ رَسُولِ الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ذَاتَ يَوْمٍ إِذْ طَلَعَ عَلَيْنَا رَجُلٌ شَدِيدُ بِيَاضُ الثِّيَابِ شَدِيدُ سُوَادُ الشَّعْرِ لاَ يُرَى عَلَيْهِ أَثَرُ السَّفَرِ وَلاَ يَعْرِفُهُ مِنَّا أَحَدُ حَتَّى جَلَسَ إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأَسْنَدَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى رُكْبَتَيْهِ وَوَضَعَ كَفَّيْهِ عَلَى فَخْذَيْهِ وَقَالَ: يَا مُحَمَّدٌ أَخْبِرْنِي عَنِ الإِسْلاَمِ؟ فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: اَلإِسْلاَمُ: أَنْ تَشْهَدَ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَتُقِيمَ الصَّلاَةَ وَتُؤْتِي الزَّكَاةَ وَتَصُومَ رَمَضَانَ وَتَحُجَّ الْبَيْتَ إِنِ اسْتَطَعْتَ إِلَيْهِ سَبِيلاً، قَالَ: صَدَقْتَ، قَالَ: فَعَجِبْنَا لَهُ يَسْأَلُهُ وَيُصَدِّقَهُ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ الإِيْمَانِ؟ قَالَ: أَنْ تُؤْمِنَ بِاللهِ وَمَلاَئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَتُؤْمِنَ بِالْقَدَرِ خَيْرِهِ وَشَرِّهِ، قَالَ: صَدَقْتَ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ الإِحْسَانِ؟ قَالَ: أَنْ تَعْبُدَ اللهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنِ السَّاعَةِ؟ قَالَ: مَا الْمَسْئُولُ عَنْهَا بِأَعْلَمَ مِنَ السَّائِلِ، قَالَ: فَأَخْبِرْنِي عَنْ إِمَارَتِهَا؟ قَالَ: أَنْ تَلِدَ الأَمَةُ رَبَّتَهَا وَأَنْ تَرَى الْحُفَاةَ الْعُرَاةَ الْعَالَةَ رُعَاءَ الشَّاءِ يَتَطَاوَلُونَ فِي الْبُنْيَانِ، قَالَ: ثُمَّ انْطَلَقَ فَلَبِثْتُ مَلِيًّا ثُمَّ قَالَ لِي: يَا عُمَرَ، أَتَدْرِي مَنِ السَّائِلِ؟ قُلْتُ: اللهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ، قَالَ: فَإِنَّهُ جِبْرِيلُ أَتَاكُمْ يُعَلِّمَكُمْ دِينَكُمْ«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Омар ибн Хаттабтан (р.а.) жеткен риуаятта ол былай дейді: «Бір күні Алланың елшісінің (с.а.с.) қасында отырғанымызда аппақ киімді сақал-шашы аппақ бір кісі келді. Оның түрінен алыс сапардан келе жатқандығы білінбеді әрі оны біздің арамыздан ешкім де танымады. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) тізесін тізесіне жақындатып, екі алақанын санына қойып: «Уа, Мұхаммед! Ислам туралы айтшы?» – деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Ислам – Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беруің, намаз оқуың, зекет беруің, рамазанда ораза тұтуың, жолына күшің жетсе Алланың үйіне (Меккеге) қажылық жасауың», – деді. Ол (Жебірейіл (а.с.)): «Дұрыс айттың», – деді. Біз оған таң қалдық: өзі сұрайды, өзі жауабын құптайды. Сосын ол (Жебірейіл (а.с.)): «Маған иман туралы айтшы?» – деді. Ол (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне сенуің, жақсылы-жаманды тағдырға сенуің», – деді. Ол (Жебірейіл (а.с.)): «Рас айттың», – деді. Сосын ол (Жебірейіл (а.с.)): «Маған ихсан туралы айтшы», – деді. Ол (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаға көріп тұрғандай ғибадат қылуың, тіпті сен оны көрмесең де, Ол сені көреді», – деді. Ол (Жебірейіл (а.с.)): «Маған сағат (ақырзаман) туралы айтшы», – деді. Ол (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол туралы сұралушы сұраушыдан артық білмейді», – деді. Ол (Жебірейіл (а.с.)): «Маған оның белгілері туралы айтшы», – деді. Ол (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бір күңнің өзінің ханымын тууы, жалаңаяқ, жалаңаш, пақыр қой бағушылардың биік-биік құрылыстар салғанын көруің», – деді. Содан соң әлгі кісі кетіп қалды. Аз-кем отырдым. Сосын ол (Пайғамбар (с.а.с.)) маған: «Уа, Омар! Сұраушының кім екенін білесің бе?» – деді. Мен: «Алла мен Оның елшісі білер», – дедім. Ол (с.а.с.): «Ол – Жебірейіл. Сендерге діндеріңді үйрету үшін келді», – деді». Мүслім риуаяты.