Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Таухид ілімі туралы
        Таухид ілімі туралы

        Таухид ілімі туралы

        Сұрақ: Әссәләму ғалейкум. Таухид деген не? 

        Жауап: Уағалейкум ассалам!!! 

        Алла Тағала ең соңғы елшісі Мұхаммедті (с.а.с.) әлемдерге тура жолмен, нағыз хақиқи дінмен жіберді. Оған мұғжиза ретінде осы діннің басты қайнар бұлағы болып табылатын Өзінің кәләмі – Құран Кәрімді түсірді. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) дағуаты екі нәрседен тұрады: біріншісі ақида, яғни иман келтіргеннің діни танымы, екіншісі шарғи, яғни шариғаттағы жауапкершіліктер.

        Ақида – Алланың елшісінің (с.а.с.) иман келтіргендердің кәміл түрде сенуіне әмір еткен нәрселер. Оларға Тәңіртану, періштелер, Кітаптар, пайғамбарлар, ақырет күніне байланысты мәселелер жатады. Бұл барлық пайғамбарлардың дағуаты. 

        ﴿شَرَعَ لَكُم مِّنَ الدِّينِ مَا وَصَّى بِهِ نُوحاً وَالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ وَمَا وَصَّيْنَا بِهِ إِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى وَعِيسَى أَنْ أَقِيمُوا الدِّينَ وَلَا تَتَفَرَّقُوا فِيهِ 

        «Ол (Алла) сендерге Нұхқа түсірілгендей дінді бекітті, сондай-ақ Біз саған уахи еткенді, Ибраһимге, Мұсаға, Исаға: «Дінді орнатып, ол туралы бөлінбеңдер» (дегенді бекітті)» (Шура, 13).

        Шариғаттағы жүктемелер – діннің тармақтары, Алланың пенделеріне  Раббысымен байланыста, басқа адамдармен, мұсылман бауырымен және тіршіліктегі басқа да қарым-қатынастарында жүктеген жүйелері. Бұл жүйелер адамзат тарихындағы иман келтірген үмбеттердің ахуалдары мен замандарына қарай түрліше болып бекітілген. Бұл туралы Құдай Тағала былай дейді: 

        ﴿لِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنسَكاً هُمْ نَاسِكُوهُ﴾ 

         «Әрбір үмбетке өздері ұстанатын салттар бекіттік» (Хаж, 67).

        Алайда соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) шариғаты Қиямет күніне дейінгі бүкіл адамзат пен жынды түгелдей қамтиды.

        Таухид ғылымы негізгі үш тақырыпты зерттейді:

        Біріншісі: Иләһият – Тәңіртану, мұнда Тәңір туралы мәселелер қарастырылады.

        Екіншісі: Нубуәт – Пайғамбартану, мұндай пайғамбарлыққа байланысты мәселелер қарастырылады.

        Үшіншісі: Сәмғият – Естумен жеткен хабарлар, мұнда тек естумен ғана мағлұм болған мәселелер қарастырылады. Мысалы: қайта тірілу, жәннат, тозақ, сауап, жаза тағы басқалар.