Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Ақида
        3. Діни таным, ақида туралы түсінік
        Діни таным, ақида туралы түсінік

        Діни таным, ақида туралы түсінік

        Сұрақ: Әссәләму ғалейкум. Ақида деген не? Рахмет

        Жауап: Уағалейкум ассалам!!!

        Ақида – адамның сенім сұрақтары мен қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан танымы, пікірі, діни ұстанымдар жиынтығы. Мұсылман ақидасының түп негізі – Құран мен Сүннет. Яғни, әрбір мұсылманның таным-түсінігі, ғұмырлық ұстаным-қағидалары осы қайнар-бұлақтардың негізінде қалыптасуы тиіс. Ақида мен иман бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Иман – Алла Тағаланың дiнiн жүрекпен қабыл ету, яғни Пайғамбардың (с.а.с) айтқан нәрселерiн нақты түрде жүрекпен растау. Сонымен бірге иманның амалда көрініс табуы шарт.

        Ақида ілімі Исламдағы бес негіздің алғашқысын – иман мәселелерін  зерттейді. Иман Алланың барлығына, бiрлiгiне, перiштелеріне, Кiтаптарына, пайғамбарларға, Ахирет күнiне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендiгiне сенуден тұрады.