Орналасқан жеріңізді таңдаңыз
         
         
          Таң
          Күн
          Бесін
          Екінті
          Ақшам
          Құптан
        1. Басты бет
        2. Әртүрлі
        3. МАЛДЫ ТЕЗ СЕМІРТЕТІН ДӘРІ БЕРУГЕ БОЛА МА?
        МАЛДЫ ТЕЗ СЕМІРТЕТІН ДӘРІ БЕРУГЕ БОЛА МА?

        МАЛДЫ ТЕЗ СЕМІРТЕТІН ДӘРІ БЕРУГЕ БОЛА МА?

         

        Малды бағып, оны семіртіп сату арқылы нәпақасын табу – адамдардың күнделікті тіршіліктерінің бірі. Малды жем-шөп беріп немесе дәрі не укол салу арқылы семіртудің оқасы жоқ. Себебі Алла Тағала жер бетіндегі жануарларды адамның пайдасы үшін жаратты. Ол туралы Алла Тағала Құранда былай дейді:


        هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُمْ مَا فِي الأرْضِ جَمِيعًا

        «Ол – жердегі (яғни, жердің асты – үстіндегі) бүкіл нәрсені сендер үшін жаратты»[1].


        وَسَخَّرَ لَكُمْ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ جَمِيعًا مِنْهُ إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ


        «Сондай – ақ Ол күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрін Өзінің шексіз шарапатымен сендерге бағынышты қылды. Шүбәсіз, осында ақылға салып, ойланатын қауым үшін көптеген дәлелдер мен белгілер бар»[2].


        Алайда малға берілетін дәрінің немесе уколдың құрамында нәжіс, харам зат, сондай-ақ адамның ағзасына зиян келтіретін нәрселер болмауы талап етіледі. Хадисте:


        لَا ضَرَرَ وَلَا ضِرَارَ


        «Өзіңе де, өзгеге де зиян беру жоқ»[3], – делінген.


        Осыған орай, малды тез семірту үшін дәріні немесе уколды қолдануға болады. Бірақ ол дәрі малдың етін өзгертпеуі, адамға зиян тигізбеуі шарт.

         

         

         Абдужамал Маханбетұлы

        Алматы қаласы Орбита-3 мешітінің наиб имамы

         



        [1] «Бақара» сүресі, 29-аят.

        [2] «Жасия» сүресі, 13-аят.

        [3] Имам Ахмад риуаяты.